Әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының қатарында

ҚазҰУ Қазақстандағы алғашқы ұлттық университет мәртебесін алған оқу орны. Университет QS World University Rankings рейтингі бойынша әлемдегі үздік 200 жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Бұл жетістік оқу орнының сапалы білім беру мен ғылыми зерттеулерді дамытуға үлкен мән беретінін көрсетеді.
Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 2 ғылыми-зерттеу институты және инновациялық технологиялар паркі жұмыс істейді. Мұнда 25 мыңнан астам студент білім алады. Олардың ішінде шетелдік студенттер де бар, бұл ҚазҰУ-дың халықаралық байланыстарының кең екендігін көрсетеді.
Шарапат КӨЛІМБЕТ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2курс студенті
Ғылыми Жетекшілері: П.С. Уалиева, Г.Ж. Абдиева