Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім мен ғылымның алтын ордасы

Білім мен ғылымның алтын ордасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның білім мен ғылым саласындағы ең ірі және беделді оқу орындарының бірі. Университет жыл сайын мыңдаған студенттің арманын жүзеге асырып, оларға сапалы білім, терең ғылыми ізденіс және тұлғалық даму мүмкіндіктерін ұсынады.
Тарихы сонау 1934 жылдан бастау алатын білім ордасы талай түлекті қанаттандырды. ҚазҰУ 1934 жылы құрылғаннан бері Қазақстанның білім жүйесінде алдыңғы қатарлы орын алады. Университет 1991 жылы әйгілі шығыс философы, ғалым және ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің есімімен аталды. Бұл өзгеріс оқу орнының миссиясын айқындап, оны әлемдік деңгейдегі білім беру және ғылыми-зерттеу орталығына айналдырды.
Университеттің Халықаралық мәртебесі жоғары, жетістіктері жетерлік. ҚазҰУ тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал. QS World University Rankings және Times Higher Education секілді халықаралық рейтингтерде ҚазҰУ тұрақты түрде жоғары орындарға ие болып келеді. Университет әлемнің 400-ден астам жетекші оқу орындарымен әріптестік орнатқан.
ҚазҰУ Алматы қаласының көрікті аймағында орналасқан. Университет қалашығы – студенттер үшін барлық жағдай жасалған үлкен кешен. Оқу ғимараттары заманауи технологиялармен жабдықталған зертханалар мен аудиториялар.
Екі миллионнан астам кітап қоры бар, Қазақстандағы ең үлкен ғылыми және оқу кітапханаларының бірі.
ҚазҰУ-да 14 жатақхана бар, онда студенттерге жайлы тұру мүмкіндігі қарастырылған. Білім ордасында фитнес залдары, стадион, бассейн және спорттық секциялар тұрақты жұмыс істейді.

Диляра ЕРНАР,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2курс студенті
Ғылыми Жетекшілері – Уалиева П.С, Абдиева Г.Ж
10 желтоқсан 2024 ж. 188 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930