2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеп отыр.

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы – 7,5 миллиард теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, былтырдан жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтар микрокредиттер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие. Қағидалар бойынша, барлық қызмет ету мерзіміне және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде пайыздар, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей төлем мерзімі кейінге қалдырылады.
2025 жылдың алғашқы айларындағы мәліметтерге сенсек, мерзімді әскери қызметке шақырылған 22,4 мың қарыз алушының 20,1 мыңының қарызы кейінге қалдырылған. Оның жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге жеткен.
Төлем мерзімін кейінге қалдыру өтінішсіз беріледі: шақыру туралы деректерді Қорғаныс министрлігі кредиттік бюроға, содан соң банктер мен микроқаржы ұйымдарына жібереді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары хабарламаны алысымен, күнтізбелік 15 күн ішінде төлем мерзімін кейінге қалдыруды ресімдеуге міндетті саналады.
Ақпараттандыру жазбаша және онлайн режимінде жеке қатысу қажеттілігінсіз немесе қосымша келісімдерге қол қоюсыз жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, кейінге қалдыру кезеңінде айыппұлдар, өсімпұлдар есептеуге және өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салынады. Әскери бөлімнің тізімінен мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда төлем мерзімін кейінге қалдыру тағы 60 күнге сақталады.
Төлем мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуды қаласа, қарыз алушы күнтізбелік 14 күн ішінде жазбаша өтініш жолдауға құқылы, мұндай жағдайда кредитор кейінге қалдыруды қолдануды жояды.
Егер кредит бойынша сот шешімі шығарылса, татуласу келісімі жасалса немесе атқарушылық жазба ресімделсе, төлем мерзімі кейінге қалдырылмайды. Төлем мерзімі автоматты түрде кейінгі қалдырылмаған жағдайда, әскери қызметші:
- қаржы ұйымына жазбаша өтініш жібере алады;
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.
2025 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Түзетулердің қатарында әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде қарыз беруге тыйым салуды енгізу бар.