Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітап көрмесі: Отбасы – алтын діңгек

Кітап көрмесі: Отбасы – алтын діңгек

Бүгін «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Өнерпаз» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханада «Отбасы күніне» орай «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында танымдық кездесу өтіп, «Отбасы – алтын діңгек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кездесуге партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев қатысып, ең алдымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоспарланған ауқымды, әрі нақты іс-шаралар туралы айтып өтті.
Мұнан соң отбасы құндылықтарын сақтау, жанұядағы әкенің рөлі, бала тәрбиесіне көңіл бөлу мен отбасы институттарын жаңғырту мәселелері бойынша ұстанымдарымен бөлісті. Өз кезегінде басқа да кездесуге қатысушылар сөз алып, тақырып төңірегінде пікірлесті.
Кездесуден кейін партиялықтар қазақ халқының отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрін насихаттайтын және бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырған ұлт пен ұлыстардың достығын дәріптейтін кітаптар мен баспа басылымдары қойылған кітап көрмесін тамашалады.
#AMANAT
13 қыркүйек 2023 ж. 482 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930