Халықаралық балалар кітабы күніне арналған танымдық шара өтті

Шарада ең алдымен партия ұйымының төрағасы Совет Бабанаев сөз алып, балалардың кітап оқу мәдениет қалыптастыру және қызығушылығын арттыру бойынша ой пікірімен бөлісті.
Мұнан соң шара балалардың дүниетанымын кеңейтуге, ақыл-ойын дамытуға және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған кітап көрмесімен жалғасты.
Сондай-ақ қатысушы балалармен ертегілердің қойылымдары қойылып, шараға арнайы қатысқан ұстаздар құрмет төрінен көрінді.
Айта кетейік, Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіліп келеді.
#AMANAT