Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда банк карталарын шығаруға шектеу енгізіледі

Қазақстанда банк карталарын шығаруға шектеу енгізіледі

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда банк карталарын шығару ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Тиісті қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құжатқа сәйкес, 18-21 жас аралығындағы қазақстандықтарға төлем карталарын онлайн шығаруға немесе қайта шығаруға тыйым салынбақ. Жаңа картаны алу үшін олар банк бөлімшесіне баруы тиіс.

Бұдан бөлек, банктерге 21 жасқа толмаған жастармен қашықтан іскерлік қарым-қатынас орнатуға тыйым салынбақ.
Тағы бір өзгеріс 14-18 жас аралығындағы қазақстандықтарға қатысты: егер олар интернет арқылы банк қызметтерін алатын болса, олар жүргізген операцияларды ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері міндетті түрде растауы тиіс.

Жоба әзірлеушілерінің айтуынша, бұл шаралар клиенттерді алаяқтықтан қорғау үшін қажет. Сондай-ақ, осы мақсатта ҚНРДА банктерді клиенттердің биометриялық деректерін – фото және видео материалдарды – олармен қарым-қатынас аяқталғаннан кейін кемінде 5 жыл сақтауға міндеттемек.

Сонымен қатар, банктер мынадай санаттағы клиенттерді мұқият бақылауы тиіс:

    бес немесе одан да көп картаның (бір немесе бірнеше банктен) иелері;
    Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ және тұрақты тұруға рұқсаты жоқ, елде тұрмайтын бейрезидент;
    14-25 жас аралығындағы ресми табысы жоқ, туыстарынан түспеген күдікті ірі сомаларға ие немесе үшінші тұлғаларға жиі аударым жасайтын азаматтар;
    банк бөлімшелері немесе шекара маңындағы картоматтар арқылы карталар алған тұлғалар.

Жобаға сәйкес, екінші деңгейлі банктер клиенттің электрондық қызметтерге қол жеткізу үшін бірдей телефон нөмірі мен құрылғыны пайдалануын қадағалауы тиіс.

Кезекті картаны шығарғысы келетін клиенттер оның мақсатын көрсетуі қажет. Ал банктер өз кезегінде операциялардың көрсетілген мақсатқа сәйкестігін тексеруі тиіс. Егер мақсат пен жүргізілген операциялар сәйкес келмесе, клиентке жоғары тәуекел деңгейі тағайындалмақ.
31 наурыз 2025 ж. 550 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930