Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең күн жартылай тұтылады

Ертең күн жартылай тұтылады

Сенбі күні Еуропаның, Батыс Африканың және Солтүстік Азияның тұрғындары күннің жартылай тұтылуын көре алады, деп хабарлайды Euronews.

Фото: Canva

Еуропа, Батыс Африка, Солтүстік Азия, АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Канаданың шығысындағы тұрғындар күннің жартылай тұтылуын көре алады. Айдың көлеңкесі Күнді жартылай ғана жауып, ол жарты ай тәрізді көрінеді.

Солтүстік және Оңтүстік Американың басым бөлігінде тұтылу таң ата болады. Батыс Еуропа мен Африкада — таңертең, ал Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азияда — түстен кейін болады.

    Монреаль планетарийінің өкілі Ауриан Эгал: «Тұтылу — бұл Күн мен Айдың сондай-ақ Жер көлеңкесі мен жарықтың ойыны», — деп түсіндіреді.

NASA мәліметінше, Күн мен Айдың тұтылуы жылына төр пен жеті рет аралығында болады. Айдың Жерге қатысты орбитасының қисаюына байланысты бұл табиғат құбылыстары әдетте жұп болып келеді. Мысалы, наурыз айының ортасында Айдың толық тұтылуы Айды қызыл түске бояйды.  

    Күн тұтылған кезде ол баяу жарты айдың көлеміндей кішірейеді. Оның жарығы «өшіріледі». Еуропалық Оңтүстік обсерваториясының қызметкері Хуан Карлос Муньос-Матеос: «Бұл өте бұлтты күн сияқты болады», - деп түсіндірді.

Бұл құбылысты көру үшін күннен қорғайтын көзілдірік кию керек. Аталған әдемі көріністі бақылағысы келетіндер қарапайым қолда бар материалдан саңылаулары бар проектор жасай алады немесе дуршлагты пайдалана алады.

Қыркүйек айында тағы бір толық ай мен күннің жартылай тұтылуын көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін күн бетінде күшті жарқыл болғанын жазған болатынбыз.
28 наурыз 2025 ж. 368 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31