Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық оқушы қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапты

Қызылордалық оқушы қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапты

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №286 орта мектептің 6-сынып оқушысы Нұрсері Айтжан адам өмірі үшін қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапты, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы әрбір төртінші лифт қауіпті. Басым бөлігі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді. Жалпы лифттің қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды.
Талапты жастың жобасында қауіпсіздік мәселесіне айрықша көңіл бөлінген.
- Қазіргі лифт тростары өте әлсіз, үзіліп кетсе, адамды аман алып қалу мүмкін емес. Сондықтан оған автокөліктегі сияқты қауіпсіздік жастығын орнатуды жөн көрдім. Қандай да бір ақау шыққан жағдайда жастық ашылып, адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі, - деді Нұсрері Айтжан.
Оқушы көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Өркен Ақбаев, Құдабай Тастанбеков, Ерлан Райымбек және робототехника мұғалімі Айдос Арасаттың көмегімен су диірмені, су үсті көпірі сияқты өзге де ерекше жобалар жасап шығарды. 
Фото: Назерке Саниязова/Қазақпарат
27 наурыз 2025 ж. 330 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 79

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930