Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар (алма, шоколад, ет) дәмін өзгертуге болатын сағыз ойлап тапты

Ғалымдар (алма, шоколад, ет) дәмін өзгертуге болатын сағыз ойлап тапты

Жапониялық ғалымдар дәмін өзгертуге әрі ұзақ уақыт бойы шайнап жүруге болатын сағыз ойлап тапты. Бұл туралы New Scientist басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Жапонияның Мэйдзи университетінің ғалымдары ерекше сағыз ойлап тауып, аталған өнім Германияда өткен симпозиумде мақұлданды. Ол құрамы кәдімгі сағызға ұқсайтын созылмалы материалдан жасалған. Мамандар сағызды шайнар алдында арнайы құрылғының көмегімен оның дәмін өзгертеді. Артынша адам сағызды шайнаған кезде, ол алма, ананас, ет, шоколад және басқа да өнімдердің дәмін береді.
Мұндай құбылыс пьезоэлектрлік әсердің көмегімен туындайды. Яғни электродтар тілдің дәм сезуге жауап беретін әр түрлі бөлігіне әсер етеді. Жалпы алғанда, аталған сағыздың мүлде дәмі жоқ. Алайда біздің миымызға онда жалбыз немесе қарбыздың дәмі бар сияқты болып көрінеді.
Ерекше сағыз адам организмі үшін қауіпті емес. Ал оның жарамдылық мерзімі бірнеше жылға созылады. Алдағы уақытта Мэйдзи университеті аталған сағызды сатылымға шығармақ.
19 қазан 2018 ж. 1 771 0

Сөз төркіні тереңде

19 қыркүйек 2026 ж. 44

Дара болмысты дәрігер

19 қыркүйек 2026 ж. 47

Тұрғындар тілегі тыңдалды

19 қыркүйек 2026 ж. 43

Қысқа қам қалай?

19 қыркүйек 2026 ж. 43

Мерекелік қабылдау өтті

19 қыркүйек 2026 ж. 45

Жарық пен көпір бақылауда

19 қыркүйек 2026 ж. 49

Өнерді өнеге еткен ісмер

19 қыркүйек 2026 ж. 44

Болашағы зор бастама

19 қыркүйек 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930