Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасыл аймақ: Сыр өңірінде жас отбасылар ағаш көшеттерін отырғызды

Жасыл аймақ: Сыр өңірінде жас отбасылар ағаш көшеттерін отырғызды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда. Отбасы – шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің де басты қызметтері бар. Солардың бірі – ағаш отырғызу.
«Жасыл аймақ» апталығында жаңадан шаңырақ көтерген 10 отбасы былтыр ғана ел игілігіне берілген Отбасы орталығы аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, игі іске жұмыла кірісті.
«Атадан мал қалғанша,тал қалсын» деген сөз бар. Жас отбасылар отырғызған ағаш расында жаңа өмірдің алғашқы баспалдағын аттаған жас жұбайлар іспеттес. Күтімі күпті,бабы мықты болса сол ағаштың да жапырағы жайқалып, берік әрі мығым бола түседі. Ізгі шараға атсалысқан жас отбасылар экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды артыруды көздеген науқан аясында қала тұрғындарын барынша белсенді болуға шақырды. Естелік ретінде шара соңында жас отбасылар фотозоналарда түсірілім жасап, көтеріңкі көңіл-күйде шараны қорытындылады.
26 сәуір 2024 ж. 293 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 128

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 130

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 124

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930