Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласында “Жасыл аймақ” акциясына ардагерлер де атсалысты

Қызылорда қаласында “Жасыл аймақ” акциясына ардагерлер де атсалысты

Қоршаған ортаны таза әрі ұқыпты ұстау – әрбір азаматтың басты парыздарының бірі. Себебі, табиғат – баршамызға ортақ құнды байлық. Қазақта ежелден табиғатты аялауға, жақсы көруге үлкен мән беріледі. Сол үшін де атадан балаға жалғасқан игі іс халық арасында өз құндылығын жоғалтқан емес. Сондықтан да, дәстүрін діңгек еткен дана халқымыз көктем шығысымен аумақты көкжелекке айналдыруға атсалысып, тал отырғызуда белсенділік танытады.
Бүгінде елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» тақырыбында жалғасуда. Осы ретте, сырбойылық бір топ ардагерлер және зиялы қауым өкілдері қаладағы Қорқыт ата ескерткіші маңында Сыр талын отырғызып, аталмыш акцияға өз үлестерін қосты. Бұдан бөлек, ардагерлер ескерткіш аумағында әдемі гүлдер екті. Шара барысында облыстық ардагерлер кеңесі төреағасының орынбасары Өмірбек Шәменов акцияға қатысты өз пікірін білдіріп, жас ұрпаққа табиғаттың жанашыры болуға және айналаны барынша таза ұстауға шақырды. Осы арқылы аймағымыздың экологиялық ахуалын жақсартып, жан-жағымызды жасыл-желекке айналдыруға үлкен мүмкіндік болары сөзсіз екенін тілге тиек етті.
Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығы Қызылорда қаласы және барлық аудан орталықтарында ерекше шаралармен жалғасуда.
Қызылорда облысының әкімдігі
26 сәуір 2024 ж. 954 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 79

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 127

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 135

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031