«Еркін сөз» жобасы – журналистиканың дамуына үлес қосады

Жыл сайын әр номинация жеңімпазына 500 000 теңге, ал жүлдегерлерге 200 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталды: “Үздік телесюжет”, “Газеттегі үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала”.
2023 жылы “Еркін сөз” шығармашылық байқауы Қазақстандағы ең ірі банк Halyk Bank-тің 100 жылдығы аясында өткізілді. Байқауға 2023 жылдың 1 қаңтары мен 20 қарашасы аралығында жарияланған материалдар қабылданды.
Өтінімдер беделді қазылар алқасының қарауынан өтті, оның құрамында танымал журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері және бас серіктес Halyk Bank өкілі болды. Барлығы 1532 жұмыс қабылданды.
Halyk Bank—Акционерлік қоғамы биыл да ақпараттық еркіндікті қолдауды жалғастырды.
4 желтоқсанда Қазақстандағы тәуелсіз журналистиканы дамытуға бағытталған «Еркін сөз – 2023» байқауы өз мәресіне жетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл байқау биыл ерекше тартысты өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен талантты журналистерді, зерттеушілерді және медиа мамандарды біріктірді.
Байқаудың мақсаты мен ерекшелігі
«Еркін сөз» байқауының басты мақсаты – сөз бостандығын қолдау, кәсіби журналистиканы дамыту және өзекті тақырыптарды көтеретін сапалы материалдарға қолдау көрсету. 2023 жылғы байқау зерттеу журналистикасы, фактчекинг, әлеуметтік мәселелерді қамту, адам құқықтарын қорғау сынды өзекті бағыттарды қамтыды.
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызының айтуынша, алғашында бұл жобаның сенімнен шығатынына көп күмән болған.
– Бірақ, байқау туралы айтып, мақсаты мен міндетін түсіндіргеннен кейін журналистер қауымы жобамызды бірден қолдады. Сөйтіп аз ғана уақытты қамтығанына қарамастан, байқау қоржынына түскен шығармалар көп болды. Әрине, ол кездегі мақалалар мен телесюжеттердіңсапасы дәл бүгінгідей жоғары болды деп айта алмаймын. Сандарды сөйлетуде, тақырыпты таңдауда таптаурындық байқалды. БАҚ-та көп жазылғандықтан журналистер несие, ипотека, ақшаны үнемдеу деген тақырыптарды жиі шиырлайтын. Тіпті бірін-бірі қайталап, қаржыға байланысты халықтың сауатын көтеруге емес, эмоциясына ерік беретіндер, сөзді көркемдеуге көп көңіл бөлетіндер жиі кездесетін. Уақыт өте келе байқауға жолданатын шығармалар тақырыптық жақтан кеңейіп, сапалық, көркемдік жақтан өсті, – дейді НәзияЖоямергенқызы.
Байқауға қатысу және қазылар алқасы
Биыл байқауға 200-ден астам өтінім түсіп, оның ішінде 50-ден аса жұмыс финалға өтті. Қатысушылар республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, тәуелсіз журналистер болды.
Қазылар алқасының құрамында Halyk Bank—тің PR бөлімінің басшысы Әсел Оразбаева болды. Ол әрбір материалды объективті бағалап, тақырыптың өзектілігіне, деректердің нақтылығына және қоғамға әсеріне назар аударды.
«2017 жылы алғаш рет ұйымдастырылып, содан бері әдемі дәстүрге айналған бұл жоба талай журналистің қаржы тақырыбына бет бұруына, банк, қаржы саласын жете зерттеуіне, қаржы мамандарымен, банк өкілдерімен етене жұмыс істеуіне ықпалын тигізді. Halyk Bank демеушілік етуімен жүзеге жатқан жобаның ең негізгі мақсаты қазақтілді журналистерді қаржы тақырыбында сауатты жазуға, экономика, банк қызметінің түйткілдерін терең зерттеуге дағдыландыру. Өйткені, дәл осы тақырыпқа індетіп жазып, халықтың қаржылық сауатын көтеруге бейімделген қазақтілді журналистер өте аз. Соның салдарынан банк, өнеркәсіп, қаржы ұйымдары, экономикамен байланысты саланың бәрі әлі күнге орыс тілінде сөйлейді. Ал мына жоба бұрыннан қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуге серпін береді деп күтілген еді», — 2020-2024 жылдары Halyk Bank-тің PR бөлімінің басшысы болған Әсел Оразбаева.
Байқау қорытындысы
«Еркін сөз 2023» қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар: «Үздік телесюжет» номинациясын «Тараз 24» телеарнасының тілшісі Гүлнәр Тайжан, «Үздік мақала» номинациясын Павлодар облысындағы «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Құндыз Қабылденова, «Сайттағы үздік мақала» номинациясын Астанадағы «Айқын» сайтының тілшісі Жадыра Мүсілім иеленді. Жеңімпаздар диплом, статуетка және 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды.
Сондай ақ Жолдасбек Дуанабай атындағы арнайы сыйлықпен Атырау обылысы Құрманғазы ауданының басылымы — «Серпер» газетінің тілшісі Әділет Қанат, Айнұр Сыдықова атындағы арнайы сыйлықпен Қарағанды облысындағы «Теміртау тынысы» гащетінің тілшісі Қалқаман Нұрлыхан, Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлықпен Ұлытау облысы Жезқазған қаласындағы «Шарайна» сайтының тілшісі Алтынай Жетпісбаева марапатталды. Жеңімпаздарға диплом және 100 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалды.
«Еркін сөз» – тек журналистер мен медиа саласының мамандарына ғана емес, сонымен қатар қоғамға шынайы ақпарат жеткізуге мүдделі кез келген адамға арналған алаң.