Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы тақырыбындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

Қаржы тақырыбындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласында өткен «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбындағы IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы аясында елдегі жалғыз қаржы тақырыбына арналған байқаудың жүлдегерлерінің есімі анықталды.

Айта кетейік, қордың мерейлі күнтізбесімен қатар келген іс-шараға Британия, Германия, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр секілді тағы бірнеше елден туризм және медиа саласының өкілдері, сондай-ақ еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, журналистика саласының тәжірибелі сарапшылары, республикамыздың атқарушы орган өкілдерінің баспасөз хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен және «Халық банк» АҚ демеушілігімен өткен журналистер арасындағы қос байқаудың үздік авторларының жүлдесін елімізге келген мәртебелі меймандар мен қазақ журналистикасының ардагерлері, елімізге танымал тұлғалар табыс етті.

Байқау қорытындысы бойынша “Еркін сөз”-2024 байқауының Бас жүлдесі “Үздік телесюжет” аталымын КТК арнасының тілшісі Ұлан Нұрахметке берілді.



“Үздік мақала” аталымын «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі- Елігімай Төңкер жеңіп алды.



Жеңімпаздар диплом, статуетка және 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды.

Ал «Еркін сөздің» Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлық — Бағлан Тұрғанбек Бақытгүл Мәкімбай атындағы сыйлық — Эльмира Жүрсінбекқызы және — Айнұр Сыдықова атындағы сыйлық — ⁠Мерей Алайдарға берілді.
11 қараша 2024 ж. 266 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 28

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 27

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 23

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 28

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031