Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Елімізде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір – 31 тамыз аралығында тапсыруға болады, – делінген хабарламада.

Қазақстан азаматтары үшін жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
    ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
    №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
    өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)

Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
    Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз! – деп еске салды комитет өкілдері.

Фото:
Нұрболат Нұржаубай
22 наурыз 2025 ж. 553 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 138

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 143

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 153

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 130

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 128

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031