Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған,- деп атап өтті Орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева.
Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап қабылданады.
Қандай құжаттар қажет:

- ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші;

- №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;

- 026/у-3 баланың денсаулық паспорты;

- баланың екі дана 3х4 фотосуреті.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтіліп отыр.
Фото: ашық дереккөз 
26 наурыз 2024 ж. 1 337 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 131

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 134

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 128

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930