Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек?

Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек?

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін 13 мыңнан астам электронды өтініш түсті. Қабылдаудың бірінші күні, яғни жұмада 10 мың, бүгін жұмыс күні басталғалы бері тағы 3 мың өтініш түсті,-деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды 1 сәуірден бастап, 2022 жылғы 1 тамызға дейін тапсыруға болады. Еске сала кетейік, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған. Бұл жұмыс egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. «Біз азаматтарға көрсетілетін барлық қызметті автоматтандыруға баса назар аударамыз. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиада электронды форматқа көшірілді. Мұның көптеген артықшылығы бар, ең бастысы – барлық процестің ашықтығы. Біз ашықтықты және азаматтарға қолайлы жағдай жасауды қолдаймыз. Құжаттарды қабылдаудың бірінші күнінің өзінде egov.kz порталы арқылы 10 мыңнан астам электронды өтініш келіп түсті. Мұндай сандар ҚР БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында танымал екендігін көрсетеді», – дейді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов. Айта кетейік, 1-сыныпқа балаларды қабылдау ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ мынадай құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат; 065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат және оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті (оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларында ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес балаларды мектепке қабылдау тәртібі айқындалған).
05 сәуір 2022 ж. 758 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 143

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 160

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031