Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді басқа біреудің электронды цифрлы қолтаңбасын пайдаланған қазақстандықтар жазаға тартылады

Енді басқа біреудің электронды цифрлы қолтаңбасын пайдаланған қазақстандықтар жазаға тартылады

Бұрын электронды цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға заңсыз бергендер ғана жазаланатын
Енді басқа біреудің электронды цифрлы қолтаңбасын пайдаланған қазақстандықтар жазаға тартылады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда басқа адамның электронды цифрлық қолтаңба кілтін пайдаланғандар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тиісті норма 2025 жылғы 13 наурыздан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бөтен біреудің ЭЦҚ кілтін пайдаланғандар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 640-бабы бойынша жазаланады.
«Яғни, басқа адамның ЭЦҚ кілтін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұған дейін әкімшілік жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау бойынша тіркеу куәлігінің иесі тарапынан қажетті шараларды қабылдамау жағдайларына ғана қолданылатын. Енді өзгерістер күшіне енгеннен кейін, ЭЦҚ-ны заңсыз бергендер де, оны пайдаланған тұлғалар да жауапқа тартылады», - деп түсіндірді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Айыппұл мөлшері:
  • жеке тұлғаларға – 50 АЕК (196 600 теңге),
  • лауазымды адамдар мен шағын бизнеске – 100 АЕК (393 200 теңге),
  • орта бизнеске – 150 АЕК (589 800 теңге),
  • ірі бизнеске – 200 АЕК (786 400 теңге).
Сонымен қатар, енді жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерді қорғау және электрондық цифрлық қолтаңба салаларындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапқа тарту мерзімі құқықбұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан бір жылға дейін ұзартылды.
Ал дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу және оларды қорғау шараларын сақтамағаны үшін ӘҚБтК-нің 79-бабы бойынша айыппұлдардың мөлшері үш есе ұлғайтылады. Бұрын айыппұлдар құқықбұзушылық құрамына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1000 АЕК-ке дейін өзгеріп отырған. Енді олар 30-дан 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.



17 наурыз 2025 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31