Еліміз бойынша бүгінге арналған ауа райы болжамы
Сондай ақ синоптиктер еліміздің үш ірі мегаполисіне қатысты ауа райы болжамын ұсынды.
Фото: PixabayСиноптиктер алдағы жұмада, 2025 жылдың 14 наурызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, антициклон еліміздің басым бөлігінде болатын жауын-шашынсыз ауа райын айқындайды.
"Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ғана фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс тіркеледі, солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп болжанады", - дейді гидрометео орталық мамандары.
Сондай ақ синоптиктер еліміздің үш ірі мегаполисіне қатысты ауа райы болжамын ұсынды:
Астанада - аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°C, күндіз шамамен: 0°C.












