Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. «Еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, ал солтүстігінде бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Ақмола облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейіп, боран соғады, күндіз көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел күшейіп, боран соғады, облыстың оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейіп, боран соғады.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, түнде шығыста, облыс орталығында көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
22 ақпан 2022 ж. 749 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 74

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 72

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930