Ән әлеміндегі әжелер

Мектептің құрылуына мұрындық болған аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанованың еңбегі зор.
Талай жыл түрлі салада еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған асыл әжелер 2023 жылы ансамбль құрды. Жетекшісі – Зинебай Муса.
«Ғибрат» әжелер ансамблі айтулы мерейтойларда, Әйтеке би Бәйбекұлының 380, халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың 115, ақын Рүстем Жанайдың 80, ҚР еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз Мәдина Ералиеванын 70 жылдығы мен тағы басқа ауданда өткен түрлі жанрдағы мәдени-көпшілік іс-шараларға катысып, аудан және қала әкімдері мен мекеме-кәсіпорыны басшыларының Алғыс хаттармен марапатталып, зор кұрметке ие болды. Қазалыға Шиелі ауданынан келген әжелер қауымын қарсы алып, Қазалы халқының конақжайлылығы мен мәдениеттілігін көрсетті. Аудандық «Әжелер салған ізбенен» атты форумда өнерлерін паш етті.
Қазалы қаласындағы №3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасынын ұйымдастыруымен «Жылулык көзі – әжеде» атты іс-шараға катысып, ұмыт болып колданыстан шығып бара жатқан ұлттық қолданбалы бұйымдарды жас ұрпаққа насихаттады. Сонымен қатар қала көлемінде өткізілген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, «Мәдениет және салт-дәстүр күніне» орай «Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты салтанатты мерекеде, Ұлыстын Ұлы күні Наурыз меркесінде, «Аналар», «Әкелер» мерекесінде, ұлттық домбыра, Абай, қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар күні мен «Нұралы» мешіті жанынан халық игілігіне салынған асхана ғимаратына колдау көрсетіп, түрлі кайырымдылық іс-шараларға белсене катысып, өнерлерімен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр.
«Ғибрат» әжелер мектебінің мүшелері түрлі салада қызмет істеген жандар. Бірі дәрігер болса, бірі ұстаз, бірі теміржолшы, сауда саласы, ауыл шаруашылығы, музей қызметкері, су саласының маманы болып қызмет жасаған. Бұл күнде әжелер зейнет жасына шығып, немере бағып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты жандар. Қазіргі танда зейнет жасында болса да, коғамға араласып, қаланың көркейуі мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосып, жас ұрпакқа үлгі-өнеге көрсетіп жүрген ардақты аналар, асыл әжелер.
Ансамбль құрамында Қазалы қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Дана Сабырбай, ҚР Оқу ағарту министрлігінің Құрмет грамотасының иегері, білім беру саласының ардагері Бақыт Әбдірахманова, музыка пәнінен ұстаз, жеке дауыста әнші Шалқар Төлеген, «Сыр суы» мекемесінде еңбек ететін, жеке дауыста әнші Күлшара Тоқмамбетова, білім саласында еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан, қолөнер бұйымдарын жасаудың қас шебері. Нағима Оралбайқызы, Медицина саласында тазалықшы болып еңбек еткен, суырып салма ақындығы бар Бақыткүл Таубаева бар.
Ансамльдің үлкені Дәреже Тұрмағамбетова талай жыл мәдениет саласында тер төккен өнерлі жан. Зинебай Әзілханқызы, Гүлнәр Кималова, Орынкүл Жүсіпбекқызы кәсіптік-техникалық білім беру саласынан зейнетке шыққан. Қырық жыл бір салада табан аудармастан еңбек еткен бұл жандар бүгінде ансамльдің белді мүшесі. Теміржол саласының ардагері Райла Мырзағұлова әсем дауысты әнші. Төлеш Тұрғанқызы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінде қызметкер. Ол халықтың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, ескіріп, ұмытылып бара жатқан дәстүрді насихаттап жүрген ансамбль құрамындағы ең жас әже. Ал талай жыл ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қызметінде болған ардагер ұстаз Күләш Бисен ансамбльдің сценаристі. Ол сахналық қойылымдарды дайындайды. Дара дауыс иесі Жаңабике Ібәйдуллаева халық арасында «Ақбаян» атанған әнші. Жамила Қарекеева сахналық көріністерді тамаша сомдайды. Ал Салия Дүзбаева белгілі ақын, ҚР үздік оқытушысы атанған білікті ұстаз Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде директордың орынбасары қзыметін атқарған. Гүлмира Елеуова ұстаз. Әлі де еңбектен қол үзген жоқ. Жұмысымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Кәсіпкер Бибігүл арыстапнов жеке дауыстағы әнші.
Өнерімен талайды тамсандырып жүрген өнерлі де, өнегелі әжелер он саусағынан бал тамған шебер. Былтырғы наурыз мерекесінде ансамбль жетекшісі Зинебай Мусаның бастамасымен «Наурыз көже» челленджін өткізді. Челленджді барлық ауданға жалғастыруды ұсынып, ой тастады.
– Біздің мақсат – аналарды, әжелерді қоғамдық ортаға тарту. Ансамбль мүшелері тек ән айтумен ғана шектелмей, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау яғни ұршық иіру, құрақ көрпе жасау, кесте тігу, бесік жырын айту сияқты дәстүрлерді кейінгі жас ұрпақға үйретуді көздейді. Ансамбль мүшелері жыл басында жоспарға сәйкес дайындық жұмыстарын жүргізіп өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады. Біздің өнерлі әжелер аудандық, облыстық, республикалақ шараларға белсене қатысады. Ансамбль репертуарында қазақтың халық әндерімен бірге, елге белгілі композиторлардың әндері де бар. Ауданымызда өткізілетін мәдени-көпшілік шаралардан қалыс қалмай, үнемі үлес қосып келеміз, – дейді ансамль жетекшісі Зинебай Муса.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА