Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сахна сәніне айналған әжелер

Сахна сәніне айналған әжелер

Қазалы ауданындағы Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы жанындағы «Өнеге» әжелер ансамблі 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап құрылды. Ол кезде ансамбльге ҚР мәдениет саласының үздігі Гүлнар Төребекова жетекшілік етті.
Ансамбль 2016 жылы Қызылорда қаласында өткен облыстық ардагерлер арасында өткізілген байқауға қатысып, бірінші орынды иеленді. Кейіннен ансамбльді ҚР мәдениет саласының үздігі Галя Оспанова жүргізді. Ансамбльге Майра Қазбекова, Ұлжан Ахметова, Набира Момбекова, Гүлнар Рысмаханова,Бейсенгүл Тәжібаева, Жадыра Садықова, Нағима Қарымсақова, Бақыт Зарипова, Гулшахра Сарбалаева және баянмен сүйемелдеуші Мұрат Әділов мүше.
– Біздің мақсаты зейнеткерлікке шыққан әжелерімізді қоғамдық ортаға тарту. Ансамбль мүшелері тек ән айтумен ғана шектелмей, қазақтың ұлттық салт дәстүрлерін насихаттау яғни ұршық иіру, құрақ көрпе жасау, кссте тігу, бесік жырын айту сияқты дәстүрлерді кейінгі жас ұрпақтарға үйрету болып табылады. Ансамбль мүшелері жыл басында жоспарға сәйкес дайындық жұмыстарын жүргізіп өз ойларын ортаға салады. Біздің өнерлі әжелер аудандық, облыстық, республикалақ байқауларға қатысып отырады. Ансамбль репертуарында қазақтың халық әндерімен бірге Қазақстан шетел композиторларының әндері бар. Ауданымызда өткізілетін мәдени шаралардан қалыс қалмай, үнемі үлес қосып келеміз, – дейді ансамль жетекшісі Галя Оспанова жүргізді.
Өнерімен талайды тамсандырып жүрген өнерлі де, өнегелі әжелер 2020 жылы 10 қыркүйекте Қазалы аудан әкімдігінің қолдауымен Қызылорда облыстық халық шығармашылығының дамыту және мәдени прюдессерлік орталығы, Қазалы аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты әжелер ансамбльдерінің онлайн байқауында бас жүлде иемденді. 2020 жылдың 30 қазан айында «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен Қарауылтөбе ауылдық клубы және «Қарауылтөбе» бастауыш партия ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен отбасы құндылықтарын кейінгі ұрпақтың бойына сіңіріп қазақтың салт дәстүрлерін қадірлеу, ене мен келін арасындағы сыйластықты дәріптеу мақсатында «Ізет, Иба, Парасат» облыстық онлайн байқау өткізілді. Байқауға «Өнеге» әжелер ансамблінің мүшесі Нәбира Момбек (енесі) мен Айым Байсенгірова (келіні) қатысып, бас жүлде иеленді. Оларға арнайы Дипломмен және 70 мың тенге сыйлығы табысталды. Ансамбль мүшелерінің репертуарында халық әндері «Көкем-ай», «Сәулем-ай», «Әттең тонның келтесі-ай», «Угәй-әй», «Дүние-ай», «Шилі өзен», «Хәләулім», «Сусамыр елдің жайлауы», «Қоғал-ай», «Еркемай», Ә.Бейсеуовтың «Алтыным», Ә.Еспаевтың «Су тасушы қыз», Қ.Жолдыбаевтың «Қазалы вальсі», М.Өзбековтың «Тобылғы сай» тағы басқа әндері орын алған.
Ансамбль мүшелері облыстық әйелдер Кеңесінің ұйымдастыруымен «Төркіндеу» бағдарламасына орай өткізілген мәдени шарада қатысушы қонақтарды аудан орталығындағы «Бегім ана» ескеркіші маңындағы алаңында әндерімен қарсы алса аудандық мәдениет орталығында аудандық әйелдер Кеңесінің ұйымдастыруымен форумда әжелер ансамблі өнер көрсетті. Осы жылғы наурыз айының екінші жұлдызында Қызылорда облысында өткен облыстық «Ұлағатты әжелер» байқауында «Өнеге» әжелер ансамблі І орынды иемденіп, 80 мың теңге сыйақы алды.
Сондай-ақ осы байқаудың «Аналар форумында» тәлім тәрбие бағытында келін мен ене арасындағы сыйластық туралы ансамбльдің мүшесі көп балалы ана өнегелі келін тәрбиелеп отырған Нәбира Момбекова өз пікірін ортаға салды. 21 наурыз мерекесіне орай өткізілген «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекелік шарада да әжелер өнерлерін ортаға салып, тыңдарманын тәнті етті. Олар халық әні «Бипылды» орындап, көрерменнің көңіліне серпілтті.
– Жуырда ауыл тұрғындарына есептік концертін ұсынбақшымыз. Ал мамырдың 2 жұлдызында ансамбльдің мүшесі Майра Қазыбекованың 70 жасқа толуына орай «Өмірін өнерімен өрнектеген – Майра» атты шығармашылық кеші өткізуді ойға алып отырмыз. Алда әлі талай жоспарларымыз бар, – дейді ансамбль жетекшісі бізбен әңгімесінде.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
28 наурыз 2023 ж. 414 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930