Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыруға болады

Қазақстанда енді жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыруға болады

Қазақстанда азаматтардың жеке куәлігі мен төлқұжатын онлайн алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: wikipedia.org

Мәліметтерге сенсек, жобаны ішкі істер министрлігі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірлеп жатыр. Кейбір деректерде құжаттарды тіпті мобильді қосымша арқылы рәсімдеуге болатыны айтылған.
"Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін онлайн форматта, қолданыстағы тәртіпке балама ретінде пилоттық жоба ретінде іске қосу", – делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.
Жобаға сәйкес жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды қайта рәсімдеуді электронды үкімет порталы немесе мобильді қосымша арқылы жүзеге асыруға болады.
"Жоба мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру қызметінің сапасын жақсарту мақсатында әзірленді", – делінген хабарламада.
Жобаны іске асыру бір жылға созылуы мүмкін. Алдын ала жоспар бойынша, ол 2026 жылдың 31 наурызында іске қосылады.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдан бастап жаңа туған балаға туу туралы куәлікті Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ алуға болатынын жазған едік. Қазақстандықтар құжаттарды өз үйлеріне жақын орналасқан Kaspi Bank-тің постаматтарынан ала алады. Бұл басқа анықтамаларға да қатысты.

04 наурыз 2025 ж. 278 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 106

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 104

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 103

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 92

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930