Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар ұшаққа қағаз құжаттарсыз отырғызылатын болды

Қазақстандықтар ұшаққа қағаз құжаттарсыз отырғызылатын болды

Air Astana әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму министрлігімен, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамымен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп әзірледі. Пилоттық нұсқада іске қосылған жоба Air Astana әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі. Дегенмен жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн. Өйткені пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы ретінде ұсынылады. EgovMobile-дағы "цифрлық құжаттар" қызметімен генерацияланған QR-code есептеу бойынша Е-document бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп әзірленді. Жоба Мемлекет басшысының жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілген.
06 сәуір 2021 ж. 2 236 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930