Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке кәсіпті тез тіркейтін жаңа сервис іске қосылды

Жеке кәсіпті тез тіркейтін жаңа сервис іске қосылды

Бұл моральдық тұрғыдан ескірген Egov-қа жүктемені айтарлықтай азайтады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Kaspi.kz қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді онлайн түрінде тез және оңай алуға көмектесетін жаңа сервистерді бірлесіп әзірлеуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Осындай алғашқы жоба Kaspi.kz мобильді қосымшада жеке кәсіпкерлікті тіркеу сервисі болып табылады. Сервис құжаттарды қашықтықтан тексеруге, кәсіпкерді сәйкестендіруге, тіркеуді растауға арналған бірқатар заманауи техникалық шешімдерді қамтиды.
Жоба аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Kaspi.kz, Мемлекеттік кірістер комитеті және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүргізілді.
– Бизнес арқылы мемлекеттік қызмет көрсету идеясы Министрлік командасына тиесілі. Одан кейін "ҰАТ" АҚ мен Kaspi.kz-тің үйлесімді атқарылған жұмысы. Мемлекеттік қызметтерді неғұрлым танымал сервистерде ұсынуы ел үшін тарихи сәт деп есептеуге болады. Біз бизнеспен белсенді түрде бірге қызмет етеміз, өйткені халықтың қызмет алуда таңдауы болуы тиіс. Бұл өзара іс-қимыл моральдық тұрғыдан ескірген Egov-қа жүктемені айтарлықтай азайтады және мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі жаңа мүмкіндіктер жасайды. Енді қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді өздеріне ыңғайлы жолдармен ала алады, – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе жаңа бірегей сервистің іске қосылуына қатысты пікір білдірді:
– Біз үнемі елдегі ең танымал Kaspi.kz үздік қосымшаға инновациялық сервистерді қосамыз. Бүгін біз кәсіпкерлер үшін ЖК-ны тікелей біздің қосымшамызда онлайн түрде тіркеу мүмкіндігін іске қосамыз. Бұл Kaspi.kz және мемлекеттің сәтті ынтымақтастықтың тағы бір мысалы. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің командасы біздің командамен бірге сервисті қысқа мерзімде іске асырды. Осы бірегей қызметті әзірлеуге және іске қосуға қатысқандардың барлығына рахметім шексіз, – деді ол.
ЖК тіркеу үшін енді осы қызметті Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегімен қол қою жеткілікті.
06 қазан 2020 ж. 804 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930