Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегі ерен ер еді

Еңбегі ерен ер еді

Адам өмірі қай кезеңде де тікелей еңбекпен байланысты. Қоғам және адамның түрлі өзгерістер арқылы дамитынын бәріміз білеміз. Алайда мұндағы негізігі фактор – еңбек. Міне, сол еңбекпен елдің еңсесін тіктеп, туған өлкенің өзгеше түлеуіне үлес қосқан тұлғалар жетерлік. Соның бірі – Төлеу Сақтағанұлы.
Сақтаған Төлеу Сақтағанұлы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылдық кеңесіне қарасты Октябрь селосында шаруа жанұясында 1947 жылы маусым айында өмірге келген.
Төлеудің әкесі Сақтаған Жақсыкелдиев 1894 жылы туған. Еңбекті жаны сүйген Сақтаған өмірін колхозда колхозшы болып егін егуге арнаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасының ұлғайуына байланысты бес жыл еңбек майданын өткізіп келген. Ал анасы Зеріп 1907 жылы туған. Ол да өз кезегінде еңбекті жаны сүйген азаматша болған. Төлеудің еңбексүйгіштігі осы жерде әкесі мен анасынан дарыған десек болады.
1955 жылы Октябрь селосында Совет Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы №24 қазақ орта мектебінің бірінші сыныбына барып, 1966 жылы аталмыш білім ордасын тәмамдаған. Жанұяда әлеуметтік түрмыстың жағдайының ауырлығына байланысты жоғарғы оқу орындарға бара алмай, сол жылы Қазалы қаласындағы автокөлік жүргізушілерін джайындайтын қысқа мерзімдегі курсты оқып шығып, еңбек жолын Қазалы автобазасында жүргізуші болып бастайды.
1967 жылдан сәуір айында осы жерден Кеңес Одағы әскері қатарына алынып, 1968 жылы азаматтық борышын өтеп елге оралды. Сөйтіп 1969 жылы Жаңа Қазалы поселкасындағы Қызылорда облыстық Сырдария өсімдік зиянкестерінен қорғау экспедициясының бөлімшесіне жүргізуші болып жұмысқа орналасады. Сол жылы автокран жүргізушісі куәлігінің болуына орай Қызылорда сельстройға қарасты Жаңақазалы поселкесіндегі №1604 жылжымалы механикалық колоннасының автокран машинисі болып жұмысқа орналасып, онда 1974 жылдың аяғына дейін еңбек етеді. Сол жылдары поселкадағы көпқабатты аудандық аурухана, «Наурыз» кинотеатры, әкімшілік ғимараты секілді тағы басқа ірі құрылыстар жоғарыдағы мекеме күшімен жүріп жатқан еді.
Әрбір істі тиянақты, адал атқарған Төлеу Сақтағанұлы 1974-1976 жылдар аралығында №1604 жылжымалы механикаланған колоннаның жанындағы Қызылорда сельстрой №16 тресіндегі құрылыс механизмдері басқармасына қарасты бөлімшенің басшысы қызметін атқарды.
Қазалы ауданында осы кезеңде күріш егісі көлемін ұлғайту мақсатында жерді инженерлік жүйеге келтіру, су жүретін каналдар құрылысын оңтайландыру жұмыстары қарқын алып жатқан кезең болатын. Осыған орай Қызылорда су шаруашылығының басқармасына қарасты Қызылордаремводстрой тресі, автобазасының Басықара елдімекенінде №64 жылжымалы механикалық колоннасы жанынан құрылған 50 автомашиналық автокалоннаға басшы болып орналасты. Аталмыш қызметті 1985 жылға дейін атқарып, сол аралықта еңбектен қол үзбей жүріп Алматы қаласындағы Еңбек Қызылту ордені қазақтың ауылшаруашылығы институтының ауылшаруашылық өндірісінің экономикасын ұйымдастыру факультетін тәмамдайды. Сөйтіп, КПСС мүшелігіне қабылданды.
1985 жылы Карл Маркс атындағы совхозына партия комитетінің хатшысы болып сайланып, ол қызметті 1991 жылдың маусым айына дейін абыроймен атқарды. Осы жылдың аяғына дейін аталмыш совхозда елдің әлеуметтік экономикалық тұрмыстық жағдайын нығайту жөніндегі совхоз директорының орынбасары қызметінде болды. Мұнда да қызметін абыроймен, ыждағаттылықпен атқарған атпал азаматтың еңбегіне қаныққан аудан басшылығы оны аудандық жолаушы тасымалдау автобазасының директоры тағайындайды.
Сол уақытта елде жүріп жатқан реформаларға сай бұл мекеме 1993 жылы «Талап» акционерлік қоғамы болып жекешеленіп қайта құрылса, 1995 жылы ашық акционерлік қоғамы болып өзгертулер болып, сонда мекеме президенті, ал 2002 жылы мекеме «Талап и К» ЖШС-на айналады. Бұл уақытта да кейіпкеріміз мекеме директоры қызметінде болды. Мекеменің жұмысшы қызметкерлері жарғы бойынша аудан көлемінде және ауданаралық маршруттарда жолаушы тасымалы жұмысымен айналысып отырды.
Осынша жылға дейін Төлеу Сақтағанұлы совхозға партия комитетінің хатшысы болып сайланғалы 1985-1989 жылдар аралығында Майдакөл ауылдық кеңесінің депутаты, 1989-1993 жылдары Халық депутаттары Қазалы аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды. Ал 1988-1991 жылдар аралығында аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланып, қызмет атқарды. Сонымен қатар 1991 жылы Қазақстан Республикасы Комунситік партиясының тарайтын соңғы сьезінің делегаты болып қатысты.
Жас мемлекетіміз тәуелсіздік алып нарықтық экономикаға аяқ басуына байланысты жүргізілген барлық шараларға ел басын сайлау, оның мерзімін ұзарту, қайта сайлау, Ата Заң туралы референдумдардың өтуіне ынталы топ жетекшісі, топ мүшесі болып қоғамдық негізде қызметтер де атқарды.
Төлеу Сақтағанұлы 1970 өзінің өмірлік жары Күляш Сахиеваны жолықтырады. Жары Күляш екеуінен Марат, Нұрбану, Мақсат, Талап, Нұрасыл есімді бес ұл-қыз тарайды. Ол ұлын яға, қызын қияға қондырып, өзінің әкелік міндетін орындап өткен атпал азамат.
Төлеу Сақтаған өмірде көпшіл, ақкөңіл, кез келген жанмен тіл табыса білген. Елдік жұмысқа жан аямай кірісетін, еңбекқор жан. Бұл фәниде адамгершілік қадір-қасиетін жоймаған, үлкенге іні, кішіге аға бола білген оның келместің кемесіне мінгелі биыл он екі жылға жуықтап отыр. Тек жаны жақсылыққа құмар оның ғүмыры әрбір жанға үлгі болардай.

Серік АҚМЫРЗА
04 ақпан 2025 ж. 45 0

Еңбегі ерен ер еді

04 ақпан 2025 ж. 46

Ұстаз есімі ұлықталды

04 ақпан 2025 ж. 44

Үшінші рет үйлендім

03 ақпан 2025 ж. 79

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728