Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өткенсіз болашақ жоқ

Өткенсіз болашақ жоқ

Біз естімеген көңілі дархан, көкірек ойы өсиет-үлгіге толы қаншама есіл азамат қасиетті Қазалы мекенінде өмір сүріп, халыққа аянбай қызмет етті. Соның бірі – Құлмұрат Қуатов десек артық айтқандық емес. Ол 1908 жылы Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданындағы Майдакөл ауылында дүниеге келген.
Күллі қазақ елдігімізге қауіп туғанда елім, туған жерім деп күрескен. Бірі майдан даласында жаулармен шайқасса, екіншісі ел қорғашыларды қажеттіліктерімен қамтамасыз ету үшін еңбек майданында ­арпалысты. Құлмұрат Қуатов өмірін аудан экономикасының өркендеуіне сарп етіп, сүбелі үлес қосты. Қайнаған қызу еңбектің бел ортасында жүрді. Анасынан қырқынан шықпай қалған баланы бабасы Үмбетәлі софы тұмаққа салып өсіріп, жетілдірген. Сегіз жасында әкесі Қуаттың тәрбиесіне береді. Жастай еңбекке араласқан қаршадай баланың тағдыры еңбекпен шыңдалады. Көз көргендер сегіз-тоғыздар шамасында егін бастау науқанында қосты айналдыратын түйелерді жетектеген оны үлкен атандар басын шұлғып көтеріп қалғанда бұйданың ұшында бірге ұшатын деп күліп еске алатын. Қазалы өңірінде алғашқылардың бірі болып ұйымдасқан бірнеше артел біріктіріліп «Жаңаталап» колхозы болып құрылады.
1933 жылы Мәлкешқызы Ақбалықпен жанұя құрады. Бірде колхоздың төрағасы Мырзағабыл шақырып Арал, Қазалы өңірі мен шектесіп жатқан Қарақұм, Қызылқұм қойнауының жерасты байлықтарын зерттеп барлау жүргізетін арнаулы ССРО Геология орталығынан экспедиция келетінін және сол экспедицияның керек жарақтарын тасымалдайтын көліктермен қамтамасыз етіп, барлық жағдай жасауды Жаңаталап колхозына жүктелгенін айтады. Экспедиция алты жыл зерттеу жүргізіп, Қарақалпақ жеріне ауысқан кезде өзіне жүктелген міндетті абыроймен орындаған соң, колхоздың егіс бригадасына бригадир болып ауысады. Колхоздың экономикасы көтеріле бастаған кезде Ұлы Отан соғысы басталады.
Ұлы Отан соғысы басталған 1942 жылы сәуір айында әскер қатарына шақырылып, соғысқа кетеді. Жаяу әскер қатарында соғысқа араласып, бірнеше сұрапыл шайқастардан аман шыққанмен кезекті бір шайқаста оң иығынан төмен шынтаққа дейін ауыр жарақат алады. Одан әрі соғысуға жарамсыз болып қалады. Бірнеше ай әскери госпитальда емделіп, елге оралады. Туған өлкедегі колхозда еңбек майданына араласады. Қара жұмысқа қолы жарамайтын болғандықтан колхоздың әртүрлі жұмыстарын жасап жүреді. Соғыс жеңіспен аяқталып, елде бейбіт күн орнағанда колхоз басқармасының ұсынысымен мал шаруашылығына ден қойылады. Оған негізгі себеп қой тұқымының әртүрлі болуымен қатар алынатын өнімнің төмендігі себеп болады. Мал басын аман сақтау, ет пен жүнді молынан өндіру ісі қой шаруашылығының дамытудың негізгі мақсаты етіп алға қойылады. Осы кезде колхоз басшысы оған тағы да үлкен жауапкершілік жүктеп, бір отар қойды алуға ұсыныс жасайды. Бірақ қой шаруашылығын жетік білмейтіндігін ескеріп, аға шопанның көмекшісі болып баруға келісім береді. Колхоз басшылығы айтқан орынды уәжге мән беріп аға шопанға көмекші етіп қой шаруашылығына жұмысқа жібереді.
Алғашқыда мыңғырған қойды күтіп-баптап, аға шопанның көмекшісі, кейін бұл істі жақсы меңгергені үшін аға шопан болды. Осындай еңбек жолындағы қажырлы қайраты, табандылығы мен кез келген тапсырмадан бас тартпайтындығы өз жемісін бере бастады. Ворошилов колхозы мал шаруашылығы оның ішінде қой шаруашылығы бойынша алдыңғы қатарға шығады. Нәтижелі еңбек етіп, өте жоғары жетістіктерге жеткен малшылардың алдыңғы қатарынан көрінеді. Бұл кездері әрбір 100 бас аналықтан 145 басқа дейін төл алады. Республика экономикасының белгілі бір даму кезеңінде ұсақ деп есептелінген колхоздар біріктіріледі. Қазалы ауданы бойынша осындай 10 колхоз біріктіріліп, Октябрь колхозы болып қайта құрылды. Республика бойынша қаракөл қойының тұқымын асылдандыру, мемлекетте елтіріні жоғарғы сұрыпта өткізу, төл алу, жүн қырқуда еңбек көрсеткіштерін жоғарғы деңгейге жеткізу негізгі міндет болып саналады.
Үлкен жетістіктерге жету үшін үлкен еңбек, ізденіс керек. Жылдан жылға тәжірибе жинағанда оның көз жеткізгені қойды ұрықтандыру кезеңінде аналық бас пен қошқардың күйлі болуында екендігі. Сондықтан күздің қоңыр салқын кезінде қойды шөбі шүйгін жерге жайып, оған қосымша жем беретін болса төл алу мен басқа да көрсеткіштерде жоғарғы табысқа жетуге колхоздар шоғырландырыла бастады. Колхозға жоғарғы білімді, шаруашылықты басқаруда тәжірибесі мол Әбдіраман Тілеубаев төраға сайланды. Жаңа басшының келуімен қой шаруашылығын дамыту қарқыны қыза түсті. Колхоз малшылары алға меже болып қойылған еңбек көрсеткіштерін жақсарта түсті.
Үнемі ізденіспен еңбек етуінің нәтижесінде 1958-1959 жылы әрбір 100 бас аналықтан 160-165 бастан төл алады. Осы жылдары бірнеше дүркін аудандық, Кеңестік депутаты, аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланды. Еңбектегі үздік көрсеткіштерін жоғары бағалап, аудан басшылары оны Ленин орденімен марапаттауға ұсыныс жасайды. Соның шарапатымен 1959 жылы Қазақ ССР Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
1960 жылы Құлмұрат Қуатов денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығады. Жан жары Ақбалық екеуі 3 ұл 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Ел батыры 1999 жылы Майдакөл ауылында дүниеден өтті.
Осындай ерен ерлігін ескерген Елеу Көшербаев Қазалы ауданының экономикасы мен әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосқан Құлмұрат Қуатовты қой шаруашылығын ауданда дамытуда республикалық көрсеткіштерге жеткен еңбек адамы деп жоғары баға берген екен.
"Өткенсіз болашақ жоқ" деген. Өмірі өнегеге толы аталар ғұмырын, кейінгі ұрпақ тәрбиесіне тигізетін жақсы істерін жарыққа шығару кейінгі буынға парыз. Егеменді ел болғалы бұл бағытта көптеген үлгі тұтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Біздің де алға қойған мақсатымыз аудан экономикасын дамытуда тер төккен, Отанымызды қорғап қан төккен Құлмұрат Қуатов ел есінде қатталса деген ой санада жаңғырады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
30 шілде 2022 ж. 489 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031