Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам көркі – адал еңбек

Адам көркі – адал еңбек

Үрмәш Түктібаев ауылының тұрғыны Сейілхан Манау 83 жаста. Сексеннің сеңгірінен асқан ақсақал еңбектен ешқашан қол үзген емес. Бау-бақша өсіріп, балалары мен немерелерін де еңбексүйгіштікке баулып жүр.
Алға ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Манау 1936 жылы бұрынғы Алға колхозында туған. Соғыс жылдарында колхоздың ауылшаруашылық жұмыстарына араласып, жазғы, күзгі жұмыстарға қолғабыс етті. 1952 оқу жылында «Жаңатал» орталау мектебінің 7 сыныбын, бұдан кейін бұрынғы «Октябрь» орта мектебінің 10 сыныбын бітірген. 1955 жылы Қазалы қаласындағы зооветтехникумына түсіп, малдәрігерлік бөлімін бітіріп шығады. Мемлекеттік жолдама арқылы Павлодар облысына барып, мамандығы бойынша жұмыс істейді. 1960 жылы елге оралып, түрлі салада еңбек еткен. Әр жыдары Энгельс және Карл Маркс атындағы совхозда мал дәрігері, «Октябрь» совхозында экономист-бухгалтер болған. Ү.Түктібаев ауылының Алға ауылдық кеңесінде бас бухгалтерлік қызмет жасап, еңбек демалысына шықты. Жары Күләш Жарылқасыновамен ұл-қыз өсіріп, тәрбиеледі. Балалары әртүрлі мамандықта жоғары білім алып, ел дәулетін еселеуге үлес қосуда. Ақылшы ардагер республикалык мерейтойларда, Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ардагерлер алқасының, тағы басқа тиісті басшылар атынан бірнеше медаль мен Алғыс хаттар иеленген.
Бізге жайқалған бақшасын көрсетіп, жүзімінен ауыз тигізген Сейілхан ата:
– «Баптай білсең, жер жомарт» деген. Бақшаны бірнеше жылдан бері егемін. Мұнда сәбіз, қызылша, қауын-қарбыз, тағы басқа көкөністер бар. Анау атыздағы жоңышқа – төрт түлікке таптырмас азық. Дәмі тіл үйретін қара жүзімді немерелерім сүйіп жейді. Осында келіп, еңбек еткенде шаршағанымды ұмытамын, – дейді.
Сейілхан Манау – Ұлы Отан соғысына қатысу­шыларға теңестірілген тыл ардагері. Үлкенге қамқоршы, кішіге ақылшы ардагер ауыл тұрғындарының ауызбірлігін ойлап, ауылшаруашылық жұмыстарын үйлестіруде үнемі ақыл-кеңесін айтып отырады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
17 қыркүйек 2019 ж. 1 646 0

Тікұшақ апатқа ұшырады

06 қаңтар 2025 ж. 41

Жаңа әкім тағайындалды

06 қаңтар 2025 ж. 102

95 көлік соқтығысы

06 қаңтар 2025 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031