Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық реформасы: Мәжіліс түзетулерді мұқият талқылайды

Салық реформасы: Мәжіліс түзетулерді мұқият талқылайды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар салық жүйесіне енгізілетін түзетулерді меморгандармен және бизнеспен бірге мұқият талқылайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске салсақ, 28 қаңтарда Үкіметте Мемлекет басшысы салық реформасы жөнінде өз ұстанымын айтты.

Реформа қажет-ақ, бірақ ол барынша сараланып, байыппен қаралуға тиіс. Біз қосылған құн салығы мен әлеуметтік салық бойынша Үкіметтің позициясын білдік. Бұл мәселе бойынша сарапшылар мен Парламент депутаттары да өз пікірлерін айтып жатыр, - деді Қошанов.

Сондықтан депутаттар мемлекеттік органдармен, бизнеспен бірлесіп, Салық кодексіне ұсынылып отырған түзетулерді мұқият талқылайтынын айтты.

Өзгерістерді барлық қырынан жан-жақты қарастырып, салық саласындағы жағдайды жақсартуға бағытталған салмақты шешім қабылдауымыз қажет, - деп толықтырды Мәжіліс спикері сөзін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қошановтың жалған ақпараттың таралуына заңнамалық тұрғыдан тосқауыл қою керектігі туралы пікірін жазған болатынбыз.
29 қаңтар 2025 ж. 289 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 144

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930