Шыбық
Ертеде есте жоқ ескі заманда Болат есімді бір орташа жағдайлы бір жігіт өмір сүріпті. Оның егде тартқан атасы және анасы болған.
Болаттың анасы мен атасы білмейтін бір болмайтын қылығы болған екен. Ол мақтаншақ, ерсі қылықтары жоқ еместі. Күндердің күнінде Болат атасынан сұранып, ауыл балаларымен қалаға қыдырып баруға сұраныпты. Атасы балам барған жеріңде тыныш, сабырлы, тентек болма деп ескертіпті. Болат атасына маған ештеңе болмайды, уайымдамаңыз деп кетіп қалады. Солай балалар қалаға жол тартады. Жолда күн жүреді , түн жүреді табан етік түймедей болады. Шаршап шалдығып қалағада жетеді.
Қала ауыл балаларын әртүрлі қызықтарымен, әдемі ғимараттарымен баурап алады. Не қызық болса, бәрі қалада. Балалар еліктеуді екі күннен кейін-ақ бастап кетеді. Шарап ішіп шалқып, құмар ішіп, би билеп, балқып жүреді. Бір күні балалар сол қаланың балаларымен танысып, бірге тойлап, көңіл көтеріп жүргенде қаланың ортасына етене беріліп әбден сіңісіп өскен Еркін есімді баламен жолығады. Еркін ауыл балаларын әбден танып болғасын бір қызық жерлер бар деп кешке бір ойын сауық болатын жерге апарады. Ауыл балалары аңқиып , қызықтап жарық-жұрық еткен жерге кіргесін естеріне танып қызықтап сол жердің тұрғыны сияқты сезінеді. Еркін баларға жігіттер жүріңдер мына қызықты қараңдар келіңдер деп бір қараңғылау бөлмеге кіргізеді. Әлгі мақтаншақ Болатымыз Еркін досым ал небар қаланың қызығымен бір таңқалдыршы деп кекірие сөйлейді.
Еркін ал Болатым мен саған бір қызық көрсетейін бізде мынадай нәрсе бар бұл бір ғажап нәрсе. Бұл бір шөп сияқты болғанымен құмарыңды қандырып, тұла бойыңды жандырып, есіңнен бір тандырып беретін уақытша ләззат сыйлайтын нәрсе. Бұдан саған аспан аяғыңда, су қолыңда көңілің үнемі көтеріліп күлкі деген жүзіңнен еш кетпейтіндей болады. Мұны бір тартып көрсең деп едім. Ал қалай көріп қызықтағын деп қолындағы мүштекті береді. Әдемі сөзге әсерленіп кеткен Болат ауылдастарына жымия қарап, ал балалар қалаға күнде келе бермейміз бәрінде көріп қалайық деп мүштекті аузына салып тартқылай жөнеледі. Түтіні бұрқыраған мүштек Болатты баурай бастады. Болатымыз тартып бұрқыратқан сайын өзін құдды бір басқаша сезінеді. Басқа балалар шараптан, шылымнан бас аламай күлкі думанға ұластыра отырып қаланы қақ жарып отырады.
Бұрышта отырған Болат бір уақыт үндемей артынша балаларға қарап күліп жіберіді. Түсінбей қалған балалар «әй саған не болды» деседі. Бұл әрине есірткінің әсері еді. Осылайша балалар құмары қанғанша отырып, қайта бастайды. Ертесіне балалар ауылға қайтуға жиналады. Қайтар шамада Болат мен қазір деп Еркінді еркінен тыс іздеп кетеді. Іздегенін тапқан Болат Еркінге кешегі не нәрсе маған сол заттан берші қатты керек болып тұр бір құмардан шығып алайын дейді.
Достым қазір деп қалтасынан оралған буманы бере салады, өзің білесің қалай қолдануды бұл менің сыйлығым, базарлығым болсын дейді деп өзі кете барады. Өз тобына асыққан Болат қуанып, ауыл баларына қарай асығып жүгіріп кетеді. Осылайша балалар ауылға қайтады. Жолда Болат әлгі құмар қандыратыннан құмарлана шегіп келеді. Ауылға жетісімен балалар қалада көргендерімен бөлісіп үйлеріне тарасады. Үйіне келген Болат атасымен анасына мен келдім деп күле амандасады. Бұл ерсі қылыққа түсінбеген ата-анасы бұнысы нес деп таңырқай қарасады. Күндер өтеді Болат өз әдетін тоқтатар емес . Күнделікті ісіне айналдырған ыңғайсыз қылықтарына әдбен тойған атас «Әй бала сен неістеп жүргеніңді білесің бе» деп жекіп ұрысып та қояды. Анасы шырылдап балам мына қылықты , бұл жаман әдетті таста адам бол деген ақылдарын айтып та жатыр. Оған ығатын бал жоқ. Әлгі заты болмаса есі кетіп үйдің де берекесін алып, көрші қолаңды да мазалап жүрді. Қалаға барам деп ауыздығымен алысып та жүрген. Әкесі мына бала әбден елден шығарды, әлгі есірткі деген жаман затқа әуес болды деп әбігерге түсіп жүр. Ауылдас жұрттың бәрі Болат бұзылды, жаман жаққа шықты деп миығынан күліп жатыр. Өз балдарын Болаттан аулақ ұстауға тырысты. Шаңырақты шайқалттқан есірткі ата-ананы әбден қажытты. Ауырып, уайымнан бас көтере алмай, болашағына балта шабылғанын білген үлкендер не істерін білмей қалған-ды.
«Тілеп алған аурудың емі жоқ» дегендей есіртткіге есі кетіп әбден соның құлы болған Болат осы бәледен соңында өз-өзін жоғалтып, құрдымға кетті. Өмір ден ерте үзілген ерте кеткен жас бала тағдырына налитын болар. Әке мен шеше бауыр еті баладан айрылып аңырап қала берді. Кімге пайда, кімге зиян екенін өздеріңізде білесіздер құрметті жас достар.
Шахмерден Наз,
№238 орта мектебі
10-сынып