Әркім іздегенін табады? (Әпсана)
— Мен ешқашан мұнда болған емеспін. Айтшы, ақсақал, бұл қалада қандай адамдар тұрады?
Қария оның жүзіне сұраулы жүзбен қарады. ⠀
— Сен келген қалада қандай адамдар тұрушы еді?
— Ол қалада өзімшіл, жауыз адамдар тұратын. Сондықтан ол жақтан қуана-қуана кетіп қалдым.
— Ендеше, бұл қаладан сен тағы да сондай адамдарды жолықтырасың, - дейді қария оған.
Біраздан кейін тағы бір адам келіп, ақсақалдан сұрапты:
— Жолдан келе жатыр ем. Айтшы, әкей, бұл қаланың тұрғындары қандай адамдар?
Ақсақал бағанағы сұрақпен жауап қатады:
— Сен келген қаланың адамдары қандай еді, балам?
— О, мен келген қаланың адамдары өте қонақжай, пейілі дархан, парасатты жандар еді! Ол қаладан көп дос таптым. Қоштасып, жолға шығуым оңай тимеді.
— Бұл қаладан да дәл сондай адамдарды табасың, — деп жауап береді қария.
Бейсауыт адамдардың қалаға кіріп жатқанын бір жергілікті адам байқап тұрыпты. Арбасын орнынан қозғай алмай, қиналып жатқан. Сол ақсақалдың жанына кеп:
- Неге бір жолаушыға біздің қалада кілең оңбағандар тұрады дедің де, екіншісіне жақсы адамдар тұрады дедің, - деп сұрайды. ⠀
- Ай, балам-ай, жақсы адам мен жаман адам әр жерде бар ғой. Бірақ адам өзі нені іздесе, соны тауып алады ғой, - депті қария.