Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елді езген есірткі

Елді езген есірткі


Ежелгі бір заманда жасыл шөпке жайқалған, құстары үздіксіз ән салған бейбіт әрі бірлігі нығайған ел болыпты. Бұл ел жүздеген жылдар бойы еш жауға берілмей, жеңіліссіз ғұмыр кешіп келеді екен. Олардың басты жауы ғасырлар бойы бір-біріне беріспей келе жатқан елдің батысында орналасқан қараңғы жапқан ел еді. Күндердің күнінде Қараңғы елі өздерінің басты жауы Күншығыс елін толығымен жеңу үшін жоспар ойлап табады. Арада бір ай өтеді. Күншығыс елінің патшасы өз елінен оғаш дүниені яғни адамдардың ерекше әдеттен тыс қылықтарын байқайды.
Олар ойға келмейтін әңгімелер айтып, түсініксіз нәрселер жасай бастайды.
Бір күні Күншығыс елінің патшасы шарапханаға келеді. Шарап ішіп отырған патша сатушыдан:
- Мырза, бұрын шараптарыңыз жетіспей, шарапханаңызға адам лық толатын. Байқап тұрмын, қазір екеумізден басқа адам көріп тұрған жоқпын, - дейді. Сонда сатушы:
- Өзім де түсінбедім, шынымен бұрын адам көп болатын, - деп жауап қатады.
Патшаға ой келеді. Елде адамдар шарап ішпей, түсініксіз әрекеттер жасап жүр, демек олар шарап орнын ауыстыра алатын бірдеңе ойлап тапты. Осы ой мазалаған патша елде үлкен тексеріс жүргізеді. Тексеріс барысында ел ішінен есірткі шөбі табылады.
Ендігі сұрақ: бұл шөп қайдан пайда болды? Патша ұзақ ойлана келе сұрақтың жауабын тапқандай болды. Есірткіні Қараңғы елі сауда-саттық кезінде бір уыстап әтірлеріне салып отырған, артынан осы елдің бір саудагерін алдап көндіріп, ел ішіне таратып жіберген. Осылайша бұл "дерт" Күншығыс елін лезде жаулап алды. Өкінішке орай, есірткіге еліген жұртты патша тоқтата алмады. Бүкіл ел толығымен жойылды. Елді езген есірткі ғасыр дертіне айналды.

Нұрсайын Еркебұлан,
Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы
№95 орта мектептің оқушысы
15 қаңтар 2025 ж. 381 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031