Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстап...

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстап...

«...Біздің ауыл шағын болғанымен, абыройы асқақ. Олай дейтінім, танымал перзенттері бар. Соның бірі, өзіміз «Еңбек атасы» атайтын Кәрібоз Әлимаев еңбегімен елге сыйлы», – деп бастады әңгімесін лахалылық Айнұр Әлімбаева. Мақтанса, мақтанатындай, өткен ғасырда елдің өрістеуі жолында күш-жігерін жұмылдырған жанның үлгілі ісі күллі Одаққа тәжірибе болып тараған. Кеңестік мемлекеттер арасындағы ең құрметті атақ пен абырой ауылдағы азаматқа қажырлы күші, тындырымды ісі арқылы келген.

Өткенінен өнеге, бүгінінен береке табатын кейіпкеріміз қазір өзі туған елді мекенде тұрады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбеккер, кәсіби маманның ең сыйлы адамға айналып, экономиканы өрістетіп, ел дамуына күш қосатын құрыш білек өзі ісінің майталмандарын насихаттауға баса мән беруді тапсырғаны белгілі. Бұл идеологиялық бағыт біз сөз етіп отырған Кәрібоз ақсақал туралы ойға жетелейді.
Жасы тоқсанға таяған қадірменді қарияның қарашаңырағы алыс-жақыннан босамайтын құтты мекенге айналған. Ісімен ілкімді, ұрпағымен ұлықты болған жанмен жүздесуге, батасын алып, жақсылығын бойына ұялатуға ұмтылатындар қарасы ешқашан үзілмейді. Бұл түтінде бүгінгі таңда төрт буын өкілдері тату-тәтті тірлік кешіп жатыр.
Кәрібоз Әлимаұлы 1936 жылы 13 ақпанда қарапайым отбасында дүниеге келіпті.
Алғаш қолқабысқа жараған уақыты оның әлі ойында. 6-7 жасында 9 бала есекпен қазіргі Қожабақы зат тасиды.
Әкесі коллективтен колхозға өтерінде 70 бас қой жинап береді. Үшеуі жағдай қиындығын қарамай, оларды бағады. 7 жылдық мектепті бітірісімен, еңбекке араласады. Әр адам өмір сүру, отбасын материалдық жағдаймен қамтамасыз ету үшін айналасында өзіне лайықты жұмыспен айналысады. Бірақ олардың барлығы озат, барлығы шебер болмайды. Қандай жұмысты жүргізу үшін де физикалық жағдай мен ақыл-ой зердесі бір-бірімен үндестік табуы шарт. Қарапайым тілде «ептілік» деп айтатын қабілеттің еңбексүйгіштік, жауапкершілік деген қасиеттермен қабысуы ерді ер атандырады.
Бір қызығы, Қазалы қаласындағы кәсіптік училищеден ведсанитария курсын меңгергенімен, тағдыр оны басқа арнаға бағыттапты. Науқас анасының жағдайына қарайлаған бозбала отау құрып, Зейнегүл атты арумен шаңырақ көтереді.
Аз уақыт машықтан соң, ауыр ауыл шаруашылығы техникасын тізгіндеп, қажетті мамандық механизатор болып еңбекке араласады.
К.Әлимаев 1958-1970 жылдар аралығында Бозкөл совхозында жұмыс істейді. 1964-1966 жылдары жер жырту нормасын 141,4 яғни 158 процентке орындайды. 1966 жылы межеленген 528 гектардың көлемін 1031 гектарға дейін жеткізіп, тұқым себуге септеседі. Сменалық 3 гектар көлемді 4 гектар артық орындайды. Осы жылы бұл күрішшілер бригадасы 125 гектар егістің гектарынан 33 центнерден дән бастыруға қол жеткізеді. Сондай-ақ көлік кеңшар малдарына жем-шөп дайындау, оны тасымалдауға да жұмылады. Деректерге көз жүгіртсек, қараша, желтоқсан айларындағы мал фермасына 300 тоннадан астам жем-шөп тасығаны белгілі болады.
1967 жылы 19 сәуірде еткен еңбек, төккен тер еленеді. Небәрі 31 жасында КССР Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарылығымен «Социалистік Еңбек Ері» атағы беріледі.
«Құрыш қайрат құрылыста шынығар. Ісін сүйген, істей жүріп тынығар» дегендей 1970 жылдың қаңтар айында мал шаруашылығына бет бұрады. Қой бағып жүргенде, малды төлдету кезіндегі қиындықтар, күнің суығы, арландармен айқас күні бүгінгідей көкірегінде сайрап тұр. Осы саладан 1995 жылдың мамырында зейнетке шығады.
Еңбекті сүйген ердің омырауында «Лениннің 100 жылдығы», «Социолистік жарыстың жеңімпазы», «Тыңға – 50 жыл» Қазақстан Республикасы Президентінің, «Қызылорда қаласына – 200 жыл», «Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалдары жарқырап тұр. Қазалы ауданының құрметті азаматы.
1987-1991 жылдары Қазалы аудандық Кеңесінің депутаты болады.
Жақсылық пен жамандық қатар өрбитіні өмір заңдылығы. Ерлі-зайыпты Әлима-Зеріп Сүйіновтер отбасында өмірге келген 12 баладан тек аман қалғаны осы Кәрібоз ғана. «Тоғыз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» дейтін халық ауыз әдебиетіндегі қатар бар еді ғой. Кемшіліктің орнын жақсылық толтыратыны тағы бар. Жалғызы жетіліп, он балаға татитын іс атқарды, атағы алысқа жетіп, ата даңқын асқақтатты. Әлі күнге дейін атан жығар күші бар атаның бойындағы батылдық пен жан-жақтылықты ата-ана тілегі қабыл болғанынан ба деген ойда қаласың.
«Үлкендік деген – ұлағат, Байсалды ғана жететін» деген жолдар бар. Бұл күнгі кездесу үлкею мен қартаю деген ұғымның екі бөлек екенін ажыраттырды. Ауылдастары, замандастарының айтуынша Кәрібоз Әлимаев «екінші анасы» еңбекті сүю арқылы жастарды жамандықтан жерітіп, жақсылыққа үйретуімен де сыйлы. Ешқашан өтірік айтпайтын ұстамды, өзіне де талап қоятын жауапкершілігі жоғары. Жасы 88-ге келсе де, қимылы ширақ, ісі, нық, сөзі мірдің оғындай. Ешкімнен көмек күтпейді. Автокөлігін жүргізеді. Қалаған, шақырған жерге өзі барады.
«Еңбекке қолдау қашан да қажет. Жұмысшы қауымға мемлекет маңыз беруі өте орынды. Ол өз кезегінде жастардың ынталануына, бос сенделіп, масыл болмауына тәрбеилейді. Осы жасқа жеткенше түйгенім, еңбек ешқашан жігітті кедей қылмайды. қазір мүмкіндіктер көп. Тек тетігін тауып, ерінбей еңбектену керек», – дейді сөзінде.
Ақ жол тілеп, батасын берген ол жас буынға тәртіпті ту етіп, денсаулығының қадірін білу, күту қажеттігін қаттады.
Бұл күні біз «Еңбек – бейнет емес, зейнет» екенін ұғындық.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
31 желтоқсан 2024 ж. 58 0

«Тоқаев Әлиев емес»

03 қаңтар 2025 ж. 43

Жапония туралы 33 дерек

03 қаңтар 2025 ж. 44

«Жыл адамы» анықталды

02 қаңтар 2025 ж. 79

Тағы да жер сілкінісі

02 қаңтар 2025 ж. 58

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!

01 қаңтар 2025 ж. 110

Жылан жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2024 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031