Еңбек еріне құрмет
Құт қонған Қазалы топырағында кәсібінен береке тауып, еңбегімен елге сыйлы болған тұлғалар аз емес. Солардың арасында ақ күріштен тау тұрғызып, есімі күллі республикаға танымал болып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған Ажаркүл Алдажарованың шоқтығы биік.
Төккен тер мен еткен еңбегінің арқасында абырой биігінен көрінген Ажаркүл Сейділдәқызының 70 жасқа толуына орай Қарашеңгел ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Еңбек. Абырой. Құрмет» атты кеш өтті.
Келушілер алдымен ауылдық клуб үйінің фоесіндегі еңбек ардагеріне арналған көрмені тамашалады.
Аудан әкімі М.Ергешбаев салтанатты басқосуды құттықтау сөзімен ашты.
– Ажаркүл Сейділдәқызы саналы ғұмырын ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы қызметіне арнап, ерен еңбегінің арқасында үлкен мәртебеге ие болды. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген қазақтың қарапайым қағидасын берік ұстанып, ұлық дәстүрімізді жастарға үлгі етуде үнемі жоғары буынға тән ардақты қалпынан таймай, биік тұғырдан көрініп келеді.
Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басының адалдығы Еңбек Ерінің отбасы үшін ғана емес, өзімен қанатттас жүрген әріптестері, тілектес дос-жаран үшін зор мақтаныш, ізіне ерген жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.
Оның ұзақ жылғы еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Осы жылдар ішінде бірнеше рет социалистік жарыстардың жеңімпазы атанып, Бүкілодақтық ауыл шарушылығы саласының алтын медалімен марапатталды. 6 баланы тәрбиелеп өсіріп, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атануы өз ісінен бақыт тапқандығын айғақтайды, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң ардагер-анаға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Мерейтойлық шараға Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков, «Жалаңтөс батыр» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Қасқырбай Әлімбаев және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайын Дәуітов ғибратты ғұмыр иесінің жүріп өткен жолы туралы өз естелігін айтты.
Қажырлы еңбек ете жүріп, елден қызметін аямаған абзал жанның мерейлі мерекесінде аудан өнерпаздарының орындауындағы әндер қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Е.АЙДАРБЕК