Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өз-аға" деректі драмасы көрерменге жол тартты

"Өз-аға" деректі драмасы көрерменге жол тартты

Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры 70-маусымының алғашқы премьерасын “Өз-аға” қойылымымен ашты. Әділхан Асановтың деректі драмасы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолына арналған. Қойылымда ХХ ғасырдың ортасында орын алған оқиғалар мен қайраткердің ұлт мәдениетін сақтау мен дамыту жолындағы күресі көркем бейнеленген. Бас кейіпкердің ана тілін, салт-дәстүрлерін жаңғыртуға қосқан үлесі, мәдениеті мен өнері үшін жанқиярлық күресі көрерменге ерекше патриоттық сезім ұялатып, жүрегін тебірентеді. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі БАҚ өкілдерімен көшпелі брифинг ұйымдастырып, қойылымды тамашалады.

- Бүгінгі қойылымның тарихи салмағы да өзгеше. Мемлекет ісіне араласқан тарихи тұлғалардың қызмет бабындағы еңбегі жастарға көп үлгі. "Өз-аға" қойылымының жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруға өзінің үлкен үлесін қосу мақсатында көркемдік кеңестің шешімімен көрерменге жол тартпақ. Өзбекәлі Жәнібеков қазақ халқының ұпайын түгендеп, басын қауіп-қатерге тіге жүріп, тарихи жәдігерлеріміз бен ұлттық ұстынымызды ұстап қалу жолында бірден бір есімі аталатын тұлға, - деді Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының директоры Мұхтар Ниязов.

Өзбекәлі Жәнібеков туралы алғаш сахналанғалы тұрған қойылымның режиссері Ақтөре Оразалы.

- Бұл спектакль жүректі толғандырмай қоймайды. Өз-ағамен бірге жұмыс істеп, тағылымын алуым менің басыма қонған бағым деп есептеймін. Мұндай кісі біздің арамызға мың жылда бір рет ғана келетін адам шығар деп ойлаймын. Өзбекәлі Жәнібековке арнап қойылым қойған театр ұжымына ерекше алғысымды айтамын. Шығармашылық табыс, биік белес тілеймін,- деді ҚР Мәдениет қайраткері Рахия Жүзбаева.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
12 желтоқсан 2024 ж. 302 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 154

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 208

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 179

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 157

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930