Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдер бакалавр деңгейінде оқи алады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдер бакалавр деңгейінде оқи алады

Фото: freepik.com
Мәжіліс заңнамаға дарынды балаларды қолдау саясатын жетілдіріп, мемлекеттік тілдің қолданысын біріздендіруді көздейтін заң жобасын қабылдады.

Заң жобасын әзірлеген жұмыс тобының жетекшісі, Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов аталған заңда мемлекеттік тілдің цифрлық ұлттық сөздік қорын жасау туралы арнайы норма болатынын айтты. Бұл норма мемлекеттік тілді жасанды интеллекттің күшімен дамытуды көздейді. Сондай-ақ, құжатта беделді халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми сайыстарда жеңімпаз атанған жастарды «Болашақ» бағдарламасының аясын кеңейту арқылы қолдайтын норма бар. 

- Біз «Болашақ» бағдарламасының аясын кеңейтуді ұсынып жатырмыз. Қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша тек магистратура және докторантура деңгейінде ғана білім алуға болады. Біз соған бакалавриатты да қосып отырмыз. Бірақ ол бәріне емес, тек дарынды, яғни арнайы тізімге кірген, таңылған, беделді деген халықаралық олимпиадада немесе ғылыми сайыста жеңімпаз атанған талапкер, өз бағыты бойынша әрі қарай білім аламын десе, оған «Болашақ» бағдарламасы» аясында шетелде мемлекет есебінен жоғары білім алуға мүмкіндік беріледі. Ол балалар «Болашақ» арқылы бакалавр дәрежесінде білім алғаннан кейін кемінде 3 жыл бойы Қазақстанда жұмыс істеуге міндеттеледі, - дейді Асхат Аймағамбетов.
04 желтоқсан 2024 ж. 120 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930