Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді «Болашақ» бойынша бакалавриатта оқуға болады

Енді «Болашақ» бойынша бакалавриатта оқуға болады

Бағдарлама бойынша мектепте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлерге шетелде бакалавриатта білім алуға мүмкіндік беру ұсынылады.
Фото: istockphoto.com
Мәжіліс отырысында депутаттар «Болашақ» бағдарламасын кеңейту туралы норманы қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.
Депутат Асхат Аймағамбетов мәліметінше, бағдарлама бойынша мектепте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлерге шетелде бакалавриатта білім алуға мүмкіндік беру ұсынылады.

Қазір «Болашақ» бағдарламасы тек магистратура мен докторантураға арналған.

«Жетекші шетелдік университеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бірден бакалавриатқа грант ұсынады, соның нәтижесінде олар шетелге кетіп қалады. Осы кезеңде біз тиісті қолдау ұсына алмадық, сондықтан біз жиі мұндай дарынды жастардан айырылып қалдық. Олар тек шетелде білім алып қоймай, кейін сол жақта қалып қоятын еді», – деп түсіндірді Аймағамбетов.

Аймағамбетов алдағы уақытта жағдай өзгеретінін және елімізде жас таланттарды ұстап қалуға көбірек мүмкіндік пайда болатынын айтты.
18 қараша 2024 ж. 242 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031