Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Болашақ» бағдарламасы жабыла ма? Саясат Нұрбек жауап берді

«Болашақ» бағдарламасы жабыла ма? Саясат Нұрбек жауап берді

Фото: istockphoto.com
Сенаттың жалпы отырысының кулуарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрге «елімізде «Болашақ» бағдарламасының тиімділігіне қатысты сұрақ қойылды.

«Болашақ» бағдарламасының жұмыс істеп жатқанына 30 жыл болды. Шетелде мамандарды оқытып, дайындап жатырмыз. Өкінішке қарай, Қазақстан экономикасы әлі дамымай жатыр. Күнімізді шикі мұнайды сатып көріп отырмыз. «Болашақ» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді ме? Оны жабу қажет пе?» - деген сұрақ қойылды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек халықаралық бағдарламалар орталығына тапсырма берілетінін айтты.

«Болашақпен» өте көп маман оқыды. Қазір олар өз қызметтерін атқарып жатыр. Оның ішінде хирург, инженер, ұстаз мамандары бар. Өкінішке қарай (олардың жұмысы – авт.) көрінбейді. Енді Халықаралық бағдарламалар орталығына сол қарапайым қызметкерлерді шығарып көрсету үшін тапсырма береміз.

Өзімнің жеке пікірім, бізге («Болашақ» бағдарламасы) әлі керек. Қазір президент тапсырмалары бар. Жаңа стратегиясы пысықталып жатыр. Мысалы, келесі жылдан бастап жасанды интеллект бойынша арнайы квота енгізіледі. Split PhD деген бағдарлама енгізіледі. Бұл шетелдік университеттерді қолдау үшін керек. Сондықтан «Болашақ» бағдарламасы қажет. Бізге әлі тиісті кадрлар жетіспейді. Бізде сарапшылар қалыптаспаған бағыттар бар: жасанды интеллект, ядролық энергетика секілді. Сондықтан «Болашақ» бағдарламасын мамандандырылған бағытқа бұрамыз. Ол жұмыс істей береді», - деді Саясат Нұрбек.
14 қараша 2024 ж. 125 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930