"Ұлттық мұра": облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті
Бүгін «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалына қарасты «Басықара» бастауыш партия ұйымының және Жалаңтөс батыр ауылдық клубының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Заманның заңғар жазушысы» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді.
Қаламгер шығармашылығын насихаттауға бағытталған байқауға облыс орталығы мен аудандардан көркемсөз оқу шеберлері қатысты. Шара басында аудан әкімінің орынбасары Болат Жолтаев заңғар жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау шартына сәйкес екі кезең бойынша қатысушылардың көркемсөз оқу шеберлігіне, сахна мәдениетіне мән берілді. Нәтижесінде, бас жүлдені үздік болып, жоғары бағаланған Олжас Шарапов (Арал ауданы) иеленсе, І орын Нұрман Бекжан (Қазалы ауданы), ІІ орын Перизат Ерполат (Қармақшы ауданы), ІІІ орын Сейітнәбиқызы Гауһарана (Қызылорда қаласы) еншіледі.
Сондай-ақ «Көрермен көзайымы» бағамы арнайы жүлдесімен Сырлыбай Қанат (Қазалы ауданы) марапатталды.
Айта кетейік, шара барысында «Ардақты елдің айбарлы арыстары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
#AMANAT