Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бозкөл ауылында облыстық қолөнер шеберлерінің байқауы өтті

Бозкөл ауылында облыстық қолөнер шеберлерінің байқауы өтті


Бозкөл ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен Жәлен Ерімбетұлының 120 жыл, Қазалы ауданының 95 жылдығына орай "Жәдігерлер сыр шертеді" атты облыстық қолөнер шеберлерінің байқауы өтті.


Шара басында байқау үміткерлері мен қонақтары қасиет қонған "Қара дүкен" иесі Жәлен Ерімбетұлының мұражайына барды. Онда шебердің және ұрпақтарының қолынан шыққан бұйымдармен танысты.

Бозкөл ауылдық мәдениет үйінде жалғасқан кеште ауыл театрының ұжымы шебердің өмірінен қойылым қойып, көрермендер ықыласына бөленді. Мұнан соң сахна төрінен орын алған аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Дүзелбайұлы сөз сөйлеп, облыстық байқау ұйымдастырушыларына аудан әкімінің арнайы құттықтауын жеткізді.

Әрі қарай қазылар алқасы қатысушы қолөнер шеберлерінің көрмесімен танысып, әрбір туындыға баға бере отырып, жеңімпазды анықтады.
Нәтижесінде, бас жүлдені өзінің ерекше талантымен таңғалдырған Жаңақорған ауданынан келген Индира Сұлтанбекова жеңіп алды. Бірінші орынды тасарықтық Айжан Тұрдымұрат пен Жанқожа батыр ауылынан Ләйла Жұмағали өзара бөлісті. Ал екінші орынды қожабақылық Мөлдір Пайзекеева мен Айткүл Шалдаева иеленсе, үшінші орын жанкеттік Динара Құдайберген, Лақалы ауылынан Айару Нағашыбай мен бозкөлдік Толғанай Орынбаеваларға бұйырды. Басқа да қатысушыларға номинациялар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
23 қараша 2023 ж. 571 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031