Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Корея қазақстандықтарды жұмысқа заңды түрде қабылдай бастайды

Оңтүстік Корея қазақстандықтарды жұмысқа заңды түрде қабылдай бастайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға жұмысқа заңды түрде қашан бара алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Министрдің айтуынша, қазан айында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігімен келіссөздер жүргізген.

"Онда еңбек министрлігінің басшылығы өзгеріп, біздің ұсынысты келісу процесі сәл кешіктірілді. Ол Оңтүстік Корея өкілдерінің талқылап, келісуіне бағытталған", - деді Жақыпова мәжіліс аясында.

Министр атап өткендей, келісімнің қабылдануын осы жылдың соңына дейін күтуге болады.
Ол "Содан кейін қазақстандықтар сол жерге жұмысқа бара алады ма?” деген сауалға "міндетті түрде", - деп жауап берді.
Оңтүстік Кореядағы табыс қазақстандықтар үшін бірнеше жылдан бері тартымды болып келеді. 2023 жылдың ақпан айында СІМ бұл елде 7-8 мыңға жуық заңсыз жұмыс істейтін отандастарымыз қалғанын хабарлады.
Еске салсақ, Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген жұмысшылар саны бойынша қазақстандықтар алғашқы үштікте тұрғанын хабарлаған едік.
27 қараша 2024 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930