Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Оңтүстік Кореяның еңбекке рұқсат беру жүйесіне енгісі келеді

Қазақстан Оңтүстік Кореяның еңбекке рұқсат беру жүйесіне енгісі келеді

Фото: gov.kz
Қазақстан Оңтүстік Кореяның еңбекке рұқсат беру жүйесі, яғни, Employment Permit System жүйесіне енгісі келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің өкілдерімен осы мәселені талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан мигранттардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау үшін құқықтық базаны одан әрі жақсартуға бағытталған бірқатар кешенді шаралар қабылдады. Атап айтқанда, Алматы қаласында Корея Республикасында жұмыс істегісі келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік және тілдік даярлау бойынша көпсалалы орталық ашылғалы жатыр», – деді Асқарбек Ертаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның еңбек министрлігі елдегі ішкі істер министрлігімен бірлесіп заңсыз көші-қонның жолын кесуге бағытталған шараларды күшейтіп жатыр.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің өкілдері Қазақстанды EPS жүйесіне қосу туралы ниетін тағы да растады, бұл Қазақстан азаматтарына жасалған еңбек шарттары шеңберінде Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады еңбек министрлігі.

01 қазан 2024 ж. 172 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930