Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Midjourney нейронжелісі арқылы жасалғанБірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
25 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Алматы қаласында 25 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
25 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
25 қарашада Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
25 қарашада Ұлытау облысында шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
25 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында тұман күтіледі.
25 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қаласында 25 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с сақталады.
25 қарашада Қарағанды облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады облыстың оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с.
25 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
25 қарашада түнде және таңертең Абай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.
25-27 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қаласында 25-27 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
25 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанай қаласында 25 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.