Жел, тұман: 11 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ulysmedia/ЖИҚазгидромет дүйсенбі, 25 қарашаға арналған дауылды ескерту бойынша ақпараттық хабарлама жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қ.: 25 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с сақталады.
Қарағанды облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады облыстың оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 25-27 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ: 25 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Алматы қ.: 25 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.