Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС қазақстандықтарға не береді? Медициналық сақтандыру жүйесін талдап көрдік

МӘМС қазақстандықтарға не береді? Медициналық сақтандыру жүйесін талдап көрдік

Фото: "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі

МӘМС - бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Жүйе Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. Алайда көптеген қазақстандық әлі күнге дейін "сақтандырылған" мәртебесін алу үшін не істеу керек екенін, МӘМС шеңберінде қандай медициналық қызметтер ұсынылатынын және оларды қалай тиімді пайдалану керек екенін білмейді.


Tengrinews.kz Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолдауымен пациенттерге ең маңызды және пайдалы ақпарат жинақталған арнайы жобаны ұсынады.
МӘМС бойынша қандай қызметтер қолжетімді? Күрделі операцияларға жолдаманы қалай алуға болады? Шетелде кімдер емделе алады? Қандай дәрі-дәрмектерді тегін алуға болады? Медициналық қызмет нашар көрсетілсе, қайда шағымдануға болады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қалай қатысуға болады? Біздің жобамызда осы сұрақтардың бәріне жауап таба аласыз.
Сурет:"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі
Көбі МӘМС-ті - зейнетақы қорының баламасы, яғни ақша жинақталған соң ғана пайдалана аламыз деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес! МӘМС - зейнетақы қоры емес! Бұл медициналық секторды қаржыландырудың жаңа моделі. Ол бірлескен жауапкершілік принципі бойынша жұмыс істейді немесе қарапайым тілмен айтқанда, "асар". "Асар" - қазақ халқының ежелгі дәстүрі, онда адамдар бірігіп, бір-біріне тегін көмектеседі. Яғни, мемлекеттен және еңбекке жарамды халықтан түскен барлық қаражат бір әлеуметтік "әмиянға" - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі.
Бұл қалай жұмыс істейді? Қор мәліметінше, 30-60 жас аралығындағы еңбекке қабілетті қазақстандықтар МӘМС жүйесін қаржыландыруға негізгі үлесін қосады. Бұл ретте зейнеткерлер мен балалар - медициналық қызметтерді негізгі тұтынушылар болып табылады. Олар алатын қызмет көлемі төленген жарналардан әлдеқайда асып түседі. Сондықтан жас буын МӘМС-ті төлеу арқылы қариялар мен балаларға қамқорлық жасайды деуге болады.
Мысалы, Шымкент қаласының 58 жастағы тұрғыны, көп жыл бойы жүрек ауруынан зардап шегіп келген. Пациентке МӘМС қаражаты есебінен құны 6 миллион теңге тұратын күрделі операция - орган трансплантациясы жасалды.
"Медициналық сақтандыру жүйесіндегі ынтымақтастық - қазақстандық медицинаның басты артықшылықтарының бірі. Мұны өндірісте 40 жыл бойы еңбек еткен зейнеткерді операция үстелінен көрген кезде түсінемін. Мұндай операцияны төлеу үшін қыруар қаржы қажет болар еді. Нейрохирургиялық ем, әдетте, қымбатқа түседі. Пациенттерге жиі айтып жүремін: Сіздер өміріңіздің жартысынан көбін ел игілігі үшін адал еңбек етіп өткіздіңіз, енді мемлекет сізге қарызын қайтарады", - дейді Қостанай облыстық ауруханасының нейрохирургі Анатолий Дүйсембин.
Кеңесбай Дәрменов. Жүрек трансплантациясы жасалған пациент. Сурет: "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі
Дәрігерлер тәжірибесінде әлеуметтік "әмиян" қаражаты есебінен пациенттерге қымбат операция жасалып, диагностика немесе оңалту жүргізілген жағдайлар өте көп. Біздің жобаға қосылып, МӘМС жүйесіндегі құқықтарыңыз туралы толығырақ біліңіз.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ қолдауымен дайындалған матери


25 қараша 2024 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930