Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда акваөсірудің дамуын бақылайтын ақпараттық жүйе құралады

Қазақстанда акваөсірудің дамуын бақылайтын ақпараттық жүйе құралады

Фото: ©Pixabay.comМәжіліс «Акваөсіру туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Негізгі заң жобасы акваөсіру субъектілерінің құқықтары мен міндеттеріне, балық шаруашылығын жүргізу шарттарына, ғылыми зерттеулерге, балық шаруашылығы су айдындары мен жер ресурстарын қамтамасыз етуге және пайдалануға қатысты нормаларды қамтиды.

Акваөсіру саласында үш жылда бір рет өткізілетін оның даму жағдайын бағалау негізінде мемлекеттік саясат құралдарын енгізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта бюджет қаражаты есебінен консалтингтік компаниялар мен талдау орталықтарын, қоғамдық салалық одақтар мен қауымдастықтарды тарту көзделген. Бағалау нәтижелері Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде ескерілетін болады. Цифрландыру мақсатымен мониторингтің ақпараттық жүйесі енгізіледі. Ол акваөсірудің дамуына мониторинг жүргізуге және талдауға, деректер мен мәліметтерді жинауға және қалыптастыруға, бизнес субъектілерінің тізілімін жүргізуге және акваөсіру объектілерінің, соның ішінде оны қайта өңдеу өнімдерін қадағалауға, сондай-ақ цифрландыруды қамтамасыз етуге арналған, - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Кемі 150 мың АЕК инвестиция болған жағдайда, су айдындарын конкурссыз бекіту ұсынылады

Вице-министр Аманғали Бердалин «Акваөсіру туралы» заң жобасында су айдындарын конкурстық негізде және конкурссыз беру тәртібі қарастырылатынын айтты. Сөзінше, су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады.

Бұл ретте инвестициялық жобалар үшін ең төменгі инвестиция көлемі кемінде 150 мың АЕК (бүгінде бұл шамамен 550 млн теңге) болған жағдайда, халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарын конкурс өткізбей бекіту қарастырылған. Инвесторлар үшін негізгі шарттар бизнес-жоспардың және қаржының болуын растау, ал міндеттемелерге өндіріс орындарын салу, өсіру көлемін ұлғайту және импортты алмастыру кіреді, - деді ол.

Балық өсірушілерге мемлекет тарапынан субсидия және ғылыми қолдау көрсетіледі

Аманғали Бердалин заң жобасына қосымша мемлекеттік қолдау шаралары енгізілетінін түсіндіре кетті. Бұл – субсидиялау, жеңілдетілген кредит, ғылыми сүйемелдеу және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру. Сондай-ақ балық өсіру үшін су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың жаңа түрі қарастырылады.

Субсидиялау Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қарсы міндеттемелерді енгізу жоспарланған, - деді вице-министр.

Мемлекеттің жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерге демеу көрсету мақсатымен бюджет қаражаты есебінен бизнесті ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік қолдауды ұсыну арқылы инвестициялық жобаларды ғылыми сүйемелдеу енгізіледі. Бұл балық өсірушілердің құзыретін арттыруға, ғылымға негізделген ұсынымдар әзірлеуге, биотехнологиялық процестерді құруға және өндіріске инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Бердалин адамдардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін акваөсіру саласына мемлекеттік бақылау енгізілетінін атап өтті.

Заң жобасында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бақылаудың бір бөлігі болып саналатын акваөсіру саласына мемлекеттік бақылау енгізіледі. Оның мақсаты – акваөсіру өнімдерінің, адамдардың өмірі, денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде су жануарларының бөтен түрлерінің енуіне жол бермеу, - деп түсіндірді вице-министр.

Бақылауды Кәсіпкерлік кодекске сәйкес бақылау субъектісіне барып және бармай тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру жоспарланған. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган бөлімшелеріне қатысты мерзімді, жоспардан тыс тексерулер және қашықтан бақылау нысанында мемлекеттік бақылау енгізу көзделген.
20 қараша 2024 ж. 34 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930