Су шаруашылығын дамыту бағытында 6 жоба жүзеге асырылады
Фото: tolqyn.kz
Kyzylorda-news.kz. Биыл облыстағы су шаруашылығын дамыту бағытында 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, осы жылы республикалық бюджет есебінен Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистралды каналы мен Жаманбай батыр ауылдық округіндегі суару жүйесінің құрылысы басталады. Бұдан бөлек, Қазалы ауданында егін егу үшін суармалы жер учаскесін құру жобасы бойынша сыртқы инфрақұрылым нысандары салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы хабарлады.
Өңірдің су шаруашылығын дамыту бағытында 2023 жүйелі жұмыстар атқарылды. Мәселен, былтыр елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін 85,3 шақырым болатын 10 канал тазартылып, 29 дана насос қондырғысы орнатылды. Сондай-ақ, 28 каналдың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Ал биыл «Қараарық», «Ескі бостандық», «Дәурен», «Құмжарған», «Нартай», «Базарарық» каналдарын республикалық бюжеттен жөндеу үшін тиісті өтінім берілді. Сонымен қатар, Жалағаш ауданындағы 15 мың гектар суармалы жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар биыл да жалғасатын болады. Жалпы бүгінде 787 891 м су жүйесі, 870 558 м қашыртқы жүйесі тазаланып, 115 дана бақылау ұңғымасы салынды, - деді Қайрат Жансұлтанұлы.
Балық шаруашылығы - өңірдің экономикалық дамуына әсер етуші және халықты жұмыспен қамтудың негізгі саласы ретінде аса маңызға ие. Осыған сәйкес, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарлама аясында биыл 1000 тонна балық өсіру жоспарлануда.
Жалпы облыс бойынша Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және 201 көл тізімге алынып, бүгінде үш мыңнан астам адам балық шаруашылығымен тұрақты айналысады. Былтыр облыс көлемінде 6097 тонна балық ауланып, 3394 тонна балық өнімі 13 шет мемлекетіне экспортқа шығарылды. Сонымен қатар, 2023 жылы 837 тонна балық өсіру жоспарланса, бүгінде тауарлы балық өсіру көлемі 426 тоннаға жетті, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, өңірде 7 тор қоршама, 8 тоған, 2 сумен қамтамасыз ету циклі