Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кассациялық сот құру – маңызды бастама!

Кассациялық сот құру – маңызды бастама!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті.
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, Елордада апелляциялық және қайта қараудың біріңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот жұмыс істейтін болады.
Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылды.
Қазіргі уақытта Жоғарғы Сотта кассациялық алқа ретінде шағымданудың екі кезеңі қалыптасқан. Бұдан бөлек Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының наразылығы бойынша дауды шешу мақсатында жұмыс қолға алынады.
Осы тұрғыдан алғанда кассациялық өтінішті жеке-дара қарау құқығының Жоғарғы Сот судьясына берілуі сот төрелігінің бәсекелестік негізінде жүзеге асуына тосқауыл қояды.
Дұрысында тараптар өз ісінің сот отырысында қаралуы үшін мемлекеттік баж төлейтіндіктен, істің сот отырысында таразылануы міндетті.
Ал, арнайы сот процесін жүргізбей-ақ, судьяның жеке-дара шығарған қаулысы қолына тиген азаматтардың өкпе айтуы орынды.
Мұндай кемшіліктердің алдын алу үшін кассациялық сатыға шағым жазған азаматтардың өз дәлелін тыңдатуға мүмкіндік беріп, істің толық алқалы құрамда және жариялы түрде қаралуының нақты тетігі жасалуы тиіс.
Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірбиеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады.
Сондықтан, кассациялық сот құру еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, халықтың сот әділдігіне деген сенімін арттырады.

Қазалы аудандық сотының
судьясы С.М.Бертай
18 қыркүйек 2024 ж. 99 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 55

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031