Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЖМ төтенше жағдайлар кезінде бағаны Үкімет резерві арқылы тұрақтандыру ұсынылды

ТЖМ төтенше жағдайлар кезінде бағаны Үкімет резерві арқылы тұрақтандыру ұсынылды

Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform
Төтенше жағдайлар министрлігі ресми түрде төтенше жағдай режимі жарияланған аумақта бағаны Үкімет резервінің есебінен тұрақтандыруға мүмкіндік беретін бұйрық жобасын көпшілік талқылауына шығарды.
Құжатта азаматтық қорғаудың сауда қызметіне бірнеше жаңа міндет жүктеу ұсынылған. Соның ішінде төтенше жағдай аудандарында тауарлар мен қызмет бағаларын мониторинг жүргізіп, нарыққа реттеуші әсер ету міндеті бар.

Бұл міндетті іске асыру үшін Азаматтық қорғаудың сауда қызметіне агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу құқығы берілмек. Сондай-ақ, бұйрық жобасында биыл көктемдегі тасқынмен байланысты жаңа норма енгізілген.

«2024 жылғы су тасқыны барысында су тосқауылы кескен елді мекендердің тұрғындарын шұғыл құтқару және эвакуациялау үшін понтон өткелдерін (алынып, салынатын аспалы өткелдер – ред.) құру қажеттілігі туындады», - деп жазылған негіздемеде.

Яғни, Азаматтық қорғаудың инженерлік қызметіне су және басқа кедергілер арқылы өтетін өткелдер салып, оны жабдықтау және күтіп ұстау міндеті жүктеледі деген сөз.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ведомство әрқайсысы 120 млн теңге тұратын өрт сөндіретін дрондар сатып алуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.
19 қараша 2024 ж. 49 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930