"Өрт – 2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Бұған байланысты аудан әкімінің нұсқаулығы бекітіліп, азаматтық қорғау қызметтері мен тиісті салалық мекемелерге тапсырмалар берілді.
Оқу жаттығу 2 кезеңге бөлінді.
Бірінші кезеңінде яғни, саптық қарау шарасында азаматтық қорғау құралымдарының дайындықтары тексеріліп, міндеттері міндеттері тыңдалды. Оған, 37 техника, 164 жеке құрам қатысты.
Екінші кезеңде, Әйтеке би кентінің басы беткейіндегі теміржол өткелінің маңында ұйымдастырылған өрт тактикалық жаттығуға №9 өрт сөндіру бөлімінен 4 техника, 30 жеке құрам, №34 Қазалы өрт сөндіру поезы мекемесінен 11 қызметкер, Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінен 2 негізгі өрт сөндіру автокөлігі және ХТЗ трактор соқасымен 7 қызметкер, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 1 техника 3 қызметкер және Әйтеке би Ттрассалық медициналық құтқару бригадасы 1 техника, 4 қызметкер жұмылдырылды.