Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Төтенше жағдайлардың алдын-алу комитеті құрылды

Қазақстанда Төтенше жағдайлардың алдын-алу комитеті құрылды

Фото: ҚР ТЖМ
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде тағы бір комитет құрылды. Ол Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комитет деп аталады. Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Құжат НҚА Эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланған.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын. Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын», – делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, қазір Төтенше жағдайлар министрлігінде 5 комитет бар: азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті, өртке қарсы қызмет комитеті, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік материалдық резервтер комитеті, төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті.

ТЖМ жаңа ведомство орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыратынын түсіндірді.
16 шілде 2024 ж. 331 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 133

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 94

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031